Атом электр станциясы-атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Ал, атом электр станциясы бізге қажет пе?
Өткенге көз салсақ"Чернобыль апаты" ешкімнің есінен шыға қойған жоқ шығар. Осы апаттан тараған у тек Украина немесе КСРО елдеріне ғана емес, бүкіл кәрі құрлықты қамтыды. Қазақстандықтардың 55%-ы АЭС салуына қарсы. Себебі, біріншіден, АЭС-тің құрылысы өте көп қаржы мен өте көп суды талап етеді. Құрылысының өзі көп шығынға ұшыратуымен қатар, ешқандай мемлекетке "Чернобыль апаты"керек емес. Екіншіден, атом энергетикасына қатысты теріс көзқарас экологиялық таза энергия көздерін құруды ынталандырады және бұл бүкіл әлемде кең таралып жатыр. Осы мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар АЭС-тер келесі онжылдықта мүлдем жоғалып кетеді деп болжайды. Үшіншіден, АЭС ураннан үлкен көлемде қалдықтар қалады. Оны сақтау үшін жерастында үлкен инфрақұрылым болуы қажет. Төртіншіден, АЭС-те апатты жағдай өте аз кездеседі. Бірақ апат бола қалған жағдайда, оның алдын алу мен радияцияны жою мүмкін емес болып қалады. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, Әсет Наурызбаев:"АЭС бізге керек емес. Өйткені атом электр энергиясы өткен ғасырдың сарқыншағы. Атом қаруын шығаруға байланысты қолданылған. Ал қазір адамзат одан да арзан қауіпсіз энергия көздерін ойлап тапты. Өкінішке орай көпшілік соны түбегейлі түсінбей келеді. Атом индустриясына деген құштарлық басым", -деді.
Бұл жағдай туралы нақты бір шешімге келу өте қиын. Себебі жақтаушылар мен даттаушылар ойлары тепе-тең түсіп тұр. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?! Қазіргі уақытта белең алып тұрған мәселелердің бірі ретінде, өз ойыңызбен бөлісе кетіңіз...
Гүлімкөз Орынгазиева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі