Осман патшасы Қануни Сұлтан Сулейман хан әскерлерімен бір христиан ауылынан өтіп бара жатып, жол тар болғандықтан әскерлерінің бір бөлігіне жүзім бақшасының ішімен жүруге тура келеді.
Әскерлердің бірі бір бау жүзім жұлып алып орнына бір дорба ақша байлап кетеді. Патша ауылдан шыға берісте аздап тынығып алу үшін тоқтайды. Сол сәтте ауылдық христиан шаруа қастарына келеді. Қобалжып тұрған әлгі кісі бас қолбасшыға келіп ризашылығын білдіреді. Бір әскер жүзім бақшасынан алған бір бау жүзімнің орнына ақша байлап кеткендігін және олардың мұндай адамгершілік қасиеттеріне таңырқағанын айтады. Алайда бас қолбасшы бұл хабарға қуана қоймады. Әскернінен біреуінің өзгенің мүлкін рұқсатсыз алғанын жөн көрмеді. Дереу ол жауынгерді тапқызды. Бұл арада бұл хабар патшаның да құлағына жеткен еді. Патша ол жауынгерді әскер қатарынан босатылуын әмір етті де: «Асқазанында харам азық болған жасақпен жеңіс нәсіп болмас» деді. Әлгі христиан кісі жүзімді алып орнына ақша байлаған жауынгерге алғысын білдіруге келгендігін, алайда керісінше оған зияны тигендігін айтқанында бас қолбасшы былай жауап береді: «Егер ол жауынгер ақша байламағанында, бұл жасақтың аты залымдар жасағы болар еді және ол жауынгер қажетті жазаға тартылар еді. Бірақ ақша байлағаны үшін тек жасақтан құтылу жазасына тартылды».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі