Өлең, жыр, ақындар

Браузерлердегі кейбір комбинациялар (Shortcuts).

* Қойынды - Вкладка, Tab.

- Қойындылар арасында секіру: Ctrl + 1 - бірінші қойынды, Ctrl + 2 - екінші қойынды ... Ctrl + 8 - сегізінші қойынды. Ctrl + 9 - Соңғы қойындыға өтеді.


Ctrl + Tab - Келесі қойындыға өту (оң жақтағы).
Ctrl Shift Tab - Алдыңғы қойындыға өту (сол жақтағы)
Ctrl W, Ctrl+F4 – Ашылып тұрған қойындыны жабу.
Ctrl Shift+T - Соңғы жабылған қойындыны қайта ашу (қалпына келтіру).
Ctrl T – Жаңа қойынды ашу.
Ctrl + N – Браузерден жаңа терезе ашу.
Alt+F4 – Ашылып тұрған қойындыны жабу. (Барлық браузерде істейді.)
Alt+Сол көрсеткі (стрелка, arrow), Backspace – Артқа, яғни алдыңғы ашылған бетке өту.
AltОң көрсеткі (стрелка, arrow), Shift + Backspace – Алға.
F5,CtrlF5, Ctrl + R - Бетті жаңарту.
Escape – Тоқтату.

Ctrl және + Бетті ұлғайту.
Ctrl және - Бетті кішірейту.
Ctrl + 0 - Бетті қалпына келтіру.
F11 - Толық бетті режимге өту.

Бос орын (Space, пробел) – Беттің төменгі жағына зырғу.
Shift + Бос орын – Беттің жоғарғы жағына зырғу.
Home – Беттің ең жоғарысына зырғу.
End – Беттің ең түбіне зырғу.
Тінтуірдің ортаңғы батырмасына басып тұрсаңыз, жоғары немесе төмен зырғи аласыз:

Ctrl + L, Alt + D, F6 – Фокус адрес жолағына өтеді.
CtrlEnter – Адрес жолағына жазған адресіңізге .com префиксін қосады. Мысалы сіз адрес жолағына google деп жазып, Ctrl+Enter бассаңыз, автоматты түрде http://google.com бетіне өтесіз.


Ctrl + K, Ctrl + E – Іздеу жолағына өту.
AltEnter – Іздеу жолағына жазғаныңыздың нәтижесін жаңа қойындыда ашу.
Ctrl + F, F3 – Ашылып тұрған беттен іздеу өрісін ашу.

CtrlH – Тарих бетін ашу.
Ctrl + J – Жүктеулер бетін ашу.
Ctrl + D – Ашылып тұрған уэбсайтты бетбелгі ету.
Ctrl + Shift + Del – Тарихты өшіру бетіне өту.

Ctrl + P – Ашылып тұрған бетті принтке жіберу.
Ctrl + S – Ашылып тұрған бетті компьютерге сақтау.
Ctrl + O – Компьютерден жаңа файл ашу.
Ctrl + U – Ашылып тұрған беттің бастапқы кодын ашу


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Bain

Пайдалы кеңес екен! Рахмет!

Aiko

Oi-sanany arttyrady eken! Paidaly sait!

juzbayev83

Тамаша зат, әрбір компьютерде отырған адамдар білсе, тышқанның керегі шамалы болар еді.....

Дариға

Өте пайдплы ақпалат, түртіп алдым

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар