Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар.
1950 жылдардан бастап қоғамның, адам әрекеттеріңнің негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Жаңа ғасырға аяқ басқан Қазақстан Республикасы, көптеген мемлекеттер сияқты, қоршаған орта саласындағы аса күрделі проблемаларға тап болды. Көптеген онжылдықтар бойы Қазақстанда қоршаған ортаға өте жоғары техногендік жүктемелері бар табиғатты пайдаланудың басым шикізат жүйесі қалыптасты. Бұл біздің республикамызда көптеген экологиялық проблемалардың пайда болуына ғана емес, оның ұдайы өсуіне себеп болды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ауыл шаруашылығы ауаның және топырақтың өнеркәсіптік ластануы, су ресурстарының экологиялық мәселелері, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық ластану, шөлейттену проблемалары, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу проблемасы өте өзекті болып отыр. Осындай мәселелерді шешу үшін елімізде бірнеше ұйымдар жұмыс жасайды, үкімет тарапынан көмектер көрсетіледі.
Еліміздегі озық университтердің бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті студенттері де мұндай жаһандық проблемаларды шешу үшін еңбектерін аянып қалмайды. Университет тарапынан қолдау көрсетіліп, жастарды еңбекке жұмылдырады. Студенттерге табиғатты аялау, экологиялық проблемаларды шешу жолында арнайы іс- шаралар өткізіледі. Осы мақсатта университеттің I курс студенттерінің қатысуымен Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешу жолында арнайы ашық сабақ өткізілді. Студенттер экологиялық проблемалардың пайда болу тарихын, Қазақстанның апаттық аймаққа айналған аймақтарын зерттеп, бүгінгі осы жолда жұмыс істеп жатқан ұйымдарға баға берді. Тарихқа көз жүгіртіп, сонай тың игеру кезіндегі жер эрозиясының құртылуы, Семей полигоны, Арал, Каспий, Балқаш көлдерінің мәселелерін көтерді. Республикадағы ең күрделі экологиялық мәселерді анықтап, ядролық қалдықтарды орналастыру орындарының қоршаған ортаға қауіптілігін көрсетті. «Ірі өнеркәсіптік қалалардағы экологиялық жағдайдайдың қиындауы» мәселесі бағытында контент-талдау құрастырып, экология мәселесі бойынша қабылданған заңнамалық құжаттарға талдау жасады.
Сөз соңында студенттер өткенді қорытындылай келе және болашаққа қарап, өркениеттің жетістіктерін мойындай отырып, адамзат экологиялық проблемалардың ғаламдығын түсініп, оларды шешу және тұрақты даму жолында ілгерілету қажеттілігін ескере отырып, өз қызметін жоспарлауы керектігін, Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу бойынша әлемдік тәжірибені одан әрі пайдалану, болып жатқан өзгерістерді талдау және олардың негізінде тиісті қорытынды жасау қажет екендігін алға тартты.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Удербаева С.К.
Қазақстан тарихы кафедрасы.
Мукышева А.М. 1- курс магистранты
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі