Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті - мүмкіндіктер мекені

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздің  көптеген ғылыми және кәсіптік салаларында студенттер мен магистранттар үшін аса маңызды зерттеу институттарының бірі және бірегей оқу ортасы болып табылады. Университет әртүрлі және халықаралық профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттерді тартуға, жаһандық мәселелер бойынша зерттеулер мен оқытуды қолдауға, сондай-ақ әртүрлі шет елдермен және аймақтармен академиялық қарым-қатынас орнатуға көп көңіл бөлуде. Бұл университет қызметінің барлық бағыттарын, білім мен оқуды ең жоғары деңгейіне жетуге жағдай жасайды.

Университетімізде сапалы білім алуға тырысатын әрбір студент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар. Қазақстандағы ең ірі және ең бай кітапханалардың бірі ҚазҰУ-нің қалашығында орналасқан. Әбу Насыр әл-Фараби кітапхана- мұражайы әрбір қонақ үшін ашық.

Қазақ Ұлттық Университеті өзінің жас ғалымдарына жайлы жатақханалар ұсынатын студенттік қала болып саналады. Университет 5000-нан астам студенттерді қамтиды  және оларға  арналған 14 үлкен жатақхана бар

Университет студенттерге академиялық бағдарламалардың көрнекті және жан-жақты спектрін ұсынады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азия елдеріне шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың шақырулары бойынша халықаралық конференцияларға, кеңестерге университеттің 600-ден астам профессор-оқытушылар құрамы қатысады.

Осы оқу орнының магистранты ретінде жоғарыда аталған жағдайды ескере отырып, университет студенттеріне сапалы білім алуға және заманауи әлемге бейімделуге көптеген мүмкіндіктер ұсынады деп сеніммен айта аламын.

Аманжолова Айнаш Қасымқызы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

1 курс магистратура


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз