Cценарий.
І-бөлім.
1-оқушы:
«Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қазақстан Халықтары бірлігі күніне орай ұйымдастырылған “Татулық мекені” атты ұлттар мәдениетіне арналған кешімізді «Ашық»- деп жариялаймыз!
2-оқушы:
Алдарыңызда төртінші және бесінші сынып оқушылары, әртүрлі ұлттардың киімін, тілін, салт-дәстүрі мен өнерін таныстырады.
1-оқушы:
Сондай-ақ, ұлттық тағамдарын да таныстырып, өзге ұлт пен қазақ халқының мәдени ұқсастығын дәлелдейді.
2-оқушы:
Бастайық олай болса кешімізді,
Дәстүрі жоғалса елдің несі құнды?!
Сан түрлі ұлт, бір атаның баласындай,
Сыйласып күн кешуде осы күні!
1-оқушы:
Испан ұлты танымал өр мінезбен,
Гитараға қосып айтар әуенмен.
Бесінші «а» таныстырсын осы ұлтты,
Жақынырақ танысайық жат ұлтпен!
2-оқушы:
Түбі Түркі, бір атадан тараған,
«Түрік» ұлты жанашыр ұлт, досқа адал.
Бесінші «ә» таныстырсын түрік елін,
Жадырасын жаны жайнап көрген жан.
1-оқушы:
«Сыған» деген жиһан кезген ұлт бар,
Алдау-арбау, ән айтуға жаны құмар.
Бесінші «б» таныстырсын осы ұлтты,
Құлақ салып, көңіл қойсын жарандар!
2-оқушы:
Оның тілі — Құран тілі, әуезді,
Ал Меккесі ғашық еткен әлемді.
Араб ұлтын таныстырсын сіздерге,
Бесінші «в» көрсетіп бар өнерді.
1-оқушы:
Көрші тұрған сан ғасыр, орыс ұлтын,
Төртінші «а» сыныбы таныстырсын.
Тілі мен салт-санасы араласқан,
Мінезі жақын болған славян көршім.
2-оқушы:
«Қазақ» - десе құлағы елең еткен,
Ал халайық, құлақ қой, сөзге еппен.
Төртінші «ә» сыныбы таныстырсын,
Қазақ елін, сіздерге қара өлеңмен!
1-оқушы:
Өз ағамыз Өзбектің салт-дәстүрін,
Таныстырсын сахнада төртінші «б».
Діні, тілі, түбірі түгел ұқсас —
Тыңдайық майда қоңыр өзбек тілін.
ІІ - бөлім.
1-оқушы:
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүр, мәдениеті бар. Испан халқының ұлттық дәстүрімен сахнада — 5 «а» сыныбы. Қарсы алдыңыздар!
2-оқушы:
Түрік халқының салт-дәстүрін таныстыруға, сахнаға 5 «ә» сыныбын шақырамыз!
1-оқушы:
Араб мәдениетін жақынырақ танытуға 5 «в» сыныбы келіп отыр. Қабыл алыңыздар!
2-оқушы:
«Құда түсу немесе Сватовоство» көрінісімен алдарыңызда 4 «а» сыныбы. Тамашалай отырыңыздар!
1-оқушы:
Орыс халқы қызын бір Каравайға ұзата салса, қазақ халқы ұзатылар қызын қаншаға бағалаған екен?! Бірге тамашалайық?! «Қазақша құда түсу». Сахнада 4 «ә» сыныбы оқушылары.
2-оқушы:
Төртінші «а» және «ә» сыныптары бүгін «Құда түсу салтын» көрсетсе, 4 «б» сыныбы өзбектің “Келин салом” дәстүрін көрсетпекші. Тамашалай отырыңыздар!
ІІІ - бөлім.
1-оқушы:
Өнердің де келді міне кезегі,
Біреу — билеп, біреу — ән сап береді.
Испандықтар биіменен танымал,
Әуенін де бүкіл әлем біледі.
Алдарыңызда 5 «а» сыныбы оқушылары «Испан биімен». Қарсы алыңыздар!
2-оқушы:
5 «ә» сыныбы оқушылары «Түрік» биімен көңілдеріңізді көтере отырсын. Қабыл алыңыздар!
1-оқушы:
Сахнада 5 «в» сыныбы. Араб ұлтының өнерін паш етсін!
2-оқушы:
«Орыс» десе еске түсер «Частушка»,
Частушкада кездеседі әр нұсқа.
Частушканың қазақшасын шырқасын,
Сахнаға билеп шығып төртінші «а»!
1-оқушы:
Қазақтың бір дәстүрі тәтті шашу,
Сараңдық пен тар пейіл істен қашу.
Тойбастар «Шашу» биін билеп берсін,
Төртінші «ә»-нің қыздары, шашып шашу!
2-оқушы:
Келесі кезекте 4 «б» сыныбы “Андижанская полька” биімен сахнада.
IV-бөлім.
1-оқушы: Енді әр сынып өз ұлттарының ұлттық тағамдарын таныстырады. Сахнада аспаздар!
2-оқушы: Осымен бүгінгі ұлттар күніне арналған сайысымыз аяқталды. Мектебіміздің басшысы .... ....... қызына сөз береміз!
Тапсырыс беру үшін байланыс номерім: wa.me/77002303625
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі