Қазақ-жетімің тастамаған халық, Абай Құнанбайұлы жұт кезінде өз ауылынан өзге ауылдың адамдарына жер берді, наның бөліп жеді. Ал қазір ше? Ауырып жатқан бүлдіршіндерге, анадай, әкедей жасты адамдарға сбор ашып, қайыршының кейпін танытуымыз қажет пе? Сонда, адамның дәріге, шетелдегі емге, ота жасатуға қаражаты жетпесе арам өлуі қажет пе? Неге ауру өршімей тұрғанда оның алдын алмадық? Онкологиялық ауруға душар болған науқастар саны күрт көбейіп кеткен соң ғана қозғалып жатырмыз. Еліміздегі медицинаның дамуы жайлы айтамыз, алайда аурудың алдын ала алмай жатқанда қайдағы даму?
Байқайсыздар ма, біз істеп жатқан істің бәрін өзгелер үшін істейміз. Мысалы, онкологиялық ауруға шалдыққандар саны күн санап өсіп келеді, ал біз қол қусырып қарап отырмыз, науқастар болса, басқа амалы болмаған соң шетел медицинасына миллиардтаған ақша жіберіп жатыр. Экономиканы көтеру керек дейміз, алайда айтылған сөз, сол сөз күйінде қалып кетті.
Әлеуметтік жағдайдың нашарлауының басты себебі-қымбатшылық. Дәрі жетпейді, оған қоса ол қымбаттауда. Квотаға кезекке тұру қажет, оны күтуге ғұмыры жететін адамдар бар ма? Қымбатшылық өршіп келуде, зейнетақы, жалақы мөлшері көтерілгенімен, күнделікті жейтін тағамдардың бағасы екі, үш есеге көбейді. Сонда жалақы мен зейнетақы бағасын көтерудің не мәні бар? Әділдік бар ма? “Жаңа Қазақстан” шыңайы ма? Елде халық болмаса, ол ешқашан мемлекет болмайды. Сондықтан халықты өздеріне тиесілі бірінші байлық денсаулықтан айырмайық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі