Журналистика – нағыз ақпарат көзі. Ақиқат пен жалғанның оттай өршіп тұрған ортасы. Әлемдегі өте керекті, қызықты әрі маңызы бар сала. Журналист мамандығы әрбір адамға сай мамандық емес, өйткені бұл сала жоғары да айта кеткенімдей шынайылықты, жауапкершілікті сонымен қатар ұқыптылық пен тиянақтылықты керек ететін жұмыс.
Неге адам бойындағы қасиет бұл салада маңызды?
Мен айта кеткен қасиеттердің маңыздылығы жұмыста үлкен рөл атқаратындығының себебі, ақпаратты іздену немесе болып жатқан оқиғаны зерттеу барысында қате ақпарат ғаламтор сайттарына, телевизорге, газеттерге жарияланбауы керек. Өйткені халық тек біз сияқты журналисттерден шынайы ақпаратты тосып отырады. Бұның да өзіндік бір себебі бар, мысалыға қәзіргі таңда жалған ақпарат таратушы алаяқтар аз емес және бұндай құйтырқы әрекетпен жарияланған жалған хабарламаларға сенген дүйім жұрттың материалдық жағдайы төменделіп қана қоймай, сонымен қатар кейбір адам өмірін қыл үстіне қойып қоятын жағдайлар да баршылық, мысал келтіре кетсем жасөспірімдерді алайық, оларды алаяқтар қорқыту арқылы екеуінің сөйлесуі туралы, болып жатқан оқиғаны айтпауын талап етеді. Осындай сәтте не істерін білмеген бала өз-өзіне қол жұмсап немесе психикалық ауытқуға ұшырап кететін сәттері бар. Адам өмірімен ойнайтын алаяқтар, кінәсіз адамды қылмыскер қылатын ғаламтор хакерлері де жеткілікті, осындай сәтте журналистика саласындағы адамдардың шынайы ақпарат жеткізіп, бұндай алаяқтардан сақтанудың жөндігін алдын ала жеткізе отыруы маңызды. Осы арқылы ата-ана да баласын қадағалап, кіммен сөйлесетінін біліп, ескерту жасай алады. Шынына келсек қәзіргі таңда жаңалық жүргізушілерінен басқасына сену өте зиянды, әрі қауіпті және “Бізді барша зияндықтың алдынан алып отыратын тек шынайы ақпарат көздері ғана” - десем болады. Қарапайым табиғат апаттары болған жағдайда да, жұқпалы аурулар пайда болып жатқанның өзінде бізге ең алғаш осы жаңалықтармен бөлісетін де журналисттер.
Журналистиканың тағы да бір адамға беретін пайдасы бар. Оған журналист болу жолындағы еңбекті қоса кетсем болады. Яғни айта кететін жайт журналист болам деген маман міндетті түрде тіл байлығымен жұмыс жасайды, ол:сөздік қорын кеңейтеді, қазақ жырауларын, күйшілерін, ақындары мен жазушыларын оқып, таниды. Менің ойымша, бұл да бір үлкен плюс, үлкен білім деп ойлаймын. Сонда қарап отырсақ, әрбір журналист болам деген жанға бұл ақпараттарды меңгеру маңызды және пайдалы білім болады. Әрбір жасөспірім мектеп шағында ойнап күліп мән бермеген тарих пәнін осы журналистика мамандығын таңдаған жағдай да әлде қайда көбірек уақыт бөліп, зейін сала отырып өз тарихын оқи бастайды. Сонда журналистика бізде тек қана ақпарат жеткізу емес, оған қоса өз ана тілімен, тарихына деген сүйіспеншілікті де оятады.
Журналист нақты айтқанда таза жаңалық - халықтың сенім көзі. Мінекей, неге журналистика мамандығын таңдап отқанымды менің сөздерімнен-ақ түсінсеңіздер болады. Мен де еліне адал журналист болып, оларға тек шынайы ақпарат жеткізіп, материалдық жағдайын және өз өмірлерін сақтауға себепші жан болып шындықтың отанында жүруді таңдаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі