Өлең, жыр, ақындар

Елімізде өз тілімізден өзге тілдің басым болу себебі неде?

Қазіргі көп қозғалатын мәселелердің бірі – тіл. Міне күні бүгін Қайрат футбол клубының қазақ тіліндегі жүргізушісі Бисриев Әділет жұмыстан шығарылды. Шығарылу себебі Әділеттің айтуы бойынша – халық командасының ойынында қазақша жүргізгені үшін, қазақша өлең қосуын сұрағаны үшін жұмысынан қуылды. Жүргізушінің инста парақшасына салған видеосында Қайрат футбол клубының басшылығы қазақ командасының қазақша футбол өткізуіне қарсы екенін айтып, жоғарғы орындарға шағымын білдірді. 

Мені екі сұрақ мазалайды, оның бірі «Қазақстанда, Қазақ жерінде жүріп қазақша сөйлеудің несі қате?» екінші сұрақ «Қазақ тілі қайда жоғалып бара жатыр?». Бір ситуацияны елестетейік: автобуста екі орыс ұлтының азаматтары бір-бірімен қазақша сөйлесуге тырысса, екі қазақ бір-бірімен керісінше орыс тілінде сөйлесіп тұрады. 

Қалайша? Демек барлық мәселе өзімізден, біз басқа ұлтқа талап коярдың алдында, өзімізден бастамай, өзгенің ырқына жығылып, тіл сындырып, бар орысшамызды сарп етіп жүреміз. Сонда кезінде ата-бабаларымыз өзге ұлтқа ерік беріп, қазақ жерінде өзге ұлттың тілінде сөйлеу үшін жандарын қиғаны ма? 

Қайрат футбол клубының жүргізіліуі 7 жылдан аса орыс тілінде жүрді. Кейін қазақ тілінде жүргізетін жүргізуші қосылғаннан кейін 2 жылдан кейін жұмыстан шығарылды. Тіл адамға ойын жинақтап, сараптап әдемі жеткізу үшін берілген болса, кей адамдарға оның қажеті де жоқ сияқты. «Өзге тіл тұрғанда өз тілімнің қажеті шамалы» деп тұрғандай. Сыртқа шығып Қазақ елін, тілін сонша мақтаймыз, ал соны тек қана мақтап қана қоймай, неге дәріптемеске? Неге өз тілімізде сөйлеуді әдетке айналдырмасқа? Тілді аяқ астына таптайтын, өзгеге соған жол беретін өзіміз. Өзіміз мәңгүрттіктен аулақ болып, тілге құрметпен қарасақ, бәлкім «Қайраттағы» жағдай орын алмас па еді…

Осы мақаламды Қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов атамыздың сөзімен аяқтағым келеді. «Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді,өгей ұлдары ғана аяққа басады». Өз тілімізді құрметтейік!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз