Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйел мәртебесінің биіктігі ең алдымен әйелдердің құрметтелуінен, екіншіден – құқық берілуінен, үшіншіден қорғалуынан танылады. Анаға құрмет, жарға жанашырлық, қызға қамқорлық ұлтымыздың басты ұстанымдарының бірі болды. Өз болмысына даналық мінез бен ізгі қасиеттерді жия білуі қазақ әйелін құрметті етті. Ол құрметке лайық болды және құрметтелді де. Қазақ әйелі азамат әйел болды. Өйткені нағыз азаматты сол тәрбиеледі. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететінін сезініп, ана сүтімен перзентіне сіңіре білді. Ел болып еңсе көтергелі ұлтына үлгі ғана емес, ұран болған аналар легі азайған жоқ. Сондықтан да ұлт болып ұйысқаны үшін қазақ ұлдарына қандай қарыздар болса, қыздарына да сондай қарыздар. Кешегі қазақ жұртының қалыптасқан құндылықтары қыз баланың, әйел-ананың ешбір жағдайда қорғансыз қалмауын қамтамасыз етті. Туыстық қатынастар терең дамыған халқымызда әйел баласы жалғыз қалып көрген жоқ. «Қыз ағасыз, тон жағасыз болмайды», «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген мақалдардың өзі қыз баланың қашанда қорғансыз, жоқтау-сұраусыз болып көрмегенін білдіреді. Ал асыраушысы жоқ отбасына келсек, «Жесір ерден кетсе де елден кетпейді», «Жетім көрсең, жебей жүр», «Аға өлсе, ініге мұра», «Елде болса, ерінге тиеді» деп мақалдап, әрбір адамгершілік, туыстық қатынасты өз орнына қойған кешегі қазақ қоғамы жетім мен жесірді қорғансыз қалдырмаудың қамын ойлап, тұтас бір қамқорлық институтын қалыптастырған болатын. Астан – сыбаға, малдан – сойыс, егіннен кеусен беріп, кез келген жағдайда асыраушысы жоқ отбасына көмек көрсету бір рулы ел үшін айнымас дәстүр болған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әйелдерге қатысты қалыптасқан құрметтеу, құқық беру және қорғау секілді тұғырлы ұстанымдар бүгінгі таңда зайырлы қоғам құндылықтарына сәйкес жаңғыртылуы тиіс.
Сонымен қатар, дәстүрлі қазақ қоғамындағы қыздардың рөлін өзгерту процесі әрдайым біркелкі және кедергісіз жүре бермейтінін атап өткен жөн. Жаһанданудың, көші-қонның және мәдени әсердің араласуының әсері дәстүрлі құндылықтар мен әйелдердің рөлі туралы жаңа түсініктер арасында қайшылықтар тудыруы мүмкін.
Гендерлік теңдікті ілгерілетуге және әйелдерді қоғамдық өмірдің түрлі салаларына қосуға қарамастан, қазақ қоғамындағы қыздардың әлеуетін толық іске асыру жолында әлі де қиындықтар мен кедергілер бар. Жалақы теңсіздігі, білім мен кәсіптік мүмкіндіктерге қол жеткізудегі шектеулер және гендерлік зорлық-зомбылық белсенді шешуді қажет ететін мәселелер болып қала береді.
Бұл тұрғыда қазақ қоғамындағы әйелдерді азат етуге жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жалғастыру маңызды. Қыздарға білім, мансап, Неке және ана болу туралы өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау қажет. Гендерлік теңдікті ілгерілету қоғамның барлық деңгейлерінде, соның ішінде заңнамада, саясатта және мәдениетте басымдыққа айналуы керек.
Орындаған: Алимхан А.Б.
Жетекшісі: Жаркимбаева Д.Б.
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі