Өлең, жыр, ақындар

Балаларға байланысты зорлық зомбылық мысалында «Жолақты пижамадағы бала» атты деректі фильмге шолу

Балаларға байланысты зорлық зомбылық мысалында «Жолақты пижамадағы бала» атты деректі фильмге шолу.  

"Кейде өмірлік жағдайлар бізге таңдау қалдырмайды, бұл бізге ұнамайтын нәрселерді жасауға мәжбүр етеді. "Жолақты Пижамадағы бала" кітабынан үзінді.

«Жолақ пижамадағы бала» 2008 жылы жарық көрген Марк Херманның (сценарий авторы мен режиссері)  трагедиялық, тарихи драмалы фильмі. Негізгі оқиғасы Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында болғандығын көрсетеді. Фильм нацисттік «Өлім жазасы лагерінің» барлық зұлымдықтарын нацистік комендантының 8 жасар ұлы Бруно және еврейлік тұтқын Шмуль сияқты екі балалардың көзімен көрсетеді. Екеуінің достығына қатаң тыйым салынғанымен, достығы тек күшейе түседі. Фильм барысында еврейдің тұтқын баласы Шмульге көрсетілген ұлтына байланысты дискриманция және физикалық, психологиялық зорлық зомбылық фактілерін байқауымызға болады. Сонымен қатар фильмде қатыгездіктің не екенін, оның неге әкелетінін, нацизмнің, геноцидтің, садизмнің адамдарға деген сұмдықтарын қайталамау үшін қандай моральдық құндылықтарды тәрбиелеу керектігін түсінуге ықпал етеді.

Фильмде адамдар арасындағы қарым-қатынас пен бала тәрбиесіне байланысты мәселелер көрсетілген. Оқиғадағы басты кейіпкер жаны таза кішкентай бала қатыгездік жолмен басқаратын ересектердің құрбаны болады.

Қорытындылай келе, бұл фильм адамның ақымақтығы, соғыстың қатыгездігі және баланың жүрегінің шынайы тазалығы туралы деп айтуға болады. Бруноның әкесі, нацист, жазықсыз адамдарды жойып жібереді. Бұл әрекеті үшін ол үлкен қайғыға ұшырайды – ол ұлының өмірі.

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 2 - курс магистранты
Сапаргалиева М.Р.
Жетекші: Авсыдыкова Қ.Ә.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз