Жәңгір хан баласының туған күндерінің біріне арнап той жасапты. Тойда Махамбет атпен табақ тартып жүрген екен. Жәңгір хан Махамбеттің ру намысына тию үшін, тойда садақа сұрап жүрген Махамбетпен рулас адамды шақырып: «Махамбетке бар, сол сені тойындырар», — депті. Садақа сұраушы Махамбетке барып:
— Айналайын, Махамбет-ай, мен ашығып жүрмін, мені бір тойындыршы», — дегенде, Махамбет аттан секіріп түсіп:
— Сақпардан келген ноғайдың баласы да хан болып отыр, күңнен туғандар да би болып отыр, біз де осындай болармыз, — депті де, садақа сұраушыны төрге ханның оң тізесін ала отырғызып, табақты хан екеуіне бірге тартыпты, хан табаққа қолын сала алмапты, садақа сұраушы тойып шығыпты дейді.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі