Мың сегіз жүз бірінші жылдары Нұралы ханның баласы Бөкей хандық лауазым алып, «Нарынға өтемін, ел аламын» деп патшаға барады. Қасында Бабажанұлы Қарауылқожа болады.
Патша: «Еліңді мың үйге толтыр, сонда ғана хан болып өтуіңе болады», — депті. Ол үшін Бөкей құл алып, бала сатып алып, бір баланы бір үйге санап, мың үйге толтырған болыпты. Әр рудан бір старшина сайлап, олардың әрқайсысын да жүз үйден болу шарт болып, сонша үйге толтырыпты. 1801 жылы Бөкей мен Тайман түйе қамдап, Жайықтан бері өтіпті. Сонда екеуінің балалары Исатай мен Жәңгір он бесте екен. Тайман мен Бөкей қазіргі Новобогат, Чапаев селоларының Нарын құмы жағындағы Жалтыр көлінің жағасына келіп қоныстаныпты. Бөкей сол жерден орда салдырғысы келіпті. Бірақ ақылшылары: «Бұл жер теңіз жағасы, түпкілікті қоныс болмайды», — деп ыңғай бермепті. Сол жерде Бөкейдің шешесі қайтыс болады. Әлгі жерде Бөкей шешесі деген мола әлі бар. Оған тастарды орынбордан алдырады. Кейіннен Тайман мен Бөкей Новобогат ауданындағы Заборунье селосының әр жағасындағы қазіргі Тайман моласы тұрған жерге көшеді. Бөкей әрі қарай көшуі керек болады да, Тайманға: «Екі баланы шақырып алайық, сенің балаң көкдолы ғой, оларға ақылымызды айтайық», — дейді. Мал сойып кеңесіп отырып, егер шапқыншылық бола қалса, бір-біріне қылыш жұмсамасқа уәде етіп, «қол — Алланың мөрі» деп қол алысады. Бөкей әрі көшіп, Қызылобаға барып, қазіргі орал облысының жерінен орда салдырады. Кейіннен орданы шаба барғанда, Исатайдың Махамбетке: «Алланың мөрі де деп қол алысып еді, аталарыңды шаппайық», — деуі содан деседі.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі