Исатайдың жас кезі екен. Бөкейхан Жасқұстан (Орда қаласының жанындағы жердің аты) үй салдырыпты. Бөкейдің інісі Шығай (кейбір деректерде Сығай) ханның салдырған үйіне қайырлы болсын айтуға келіпті. Осы кезде Бөкейдің баласы Жәңгір Астрахань қаласынан оқудан келіп жатқан кезі екен. Шығай: «Бері келші», — деп Жәңгірді шақырып алып:
— Балам, маңдайың жазық екен. Кірпігің қайқы екен, хан тағына отырып халыққа аға болады екенсің, — депті.
Сонда Исатай тұрып:
— Сенің балаң хан болғанда, басқа кісінің баласы не болмақшы? — депті. Шығай Исатайға қарап отырып:
— Сен, шырақ, әр қарашы, бұрылып бері қарашы», — депті. — Сенің алдың тұман, артың бұрқыраған шаң болар, — депті. Артынан қарағанда желкесінің шұңқырында айдары бар екен, алдынан қарағанда Исатайдың көзі Шығайдың кеудесін тесіп шығып бара жатыр екен дейді.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі