Өлең, жыр, ақындар

Болашаққа қадам: жоғарғы оқу орнын таңдауда қалай қателеспеуге болады?

Мектеп бітіруші жас түлектер үшін алдымен мамандықты, содан соң сол кәсіптің қыр-сырын меңгертетін жоғарғы оқу орнын таңдау — болашаққа жасалған ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі сіздің білім алып жүрген ортаңыз сіздің тұлға болып жетілуіңізге тікелей әсер етеді. Бұл жазбада мен университет таңдауда сізге көмектесетін бірнеше кеңестермен бөліскім келеді. 

Оқу орнын таңдауда қателеспеу үшін: 

1. Университеттер ұсынған білім беру бағдарламаларымен танысып, өзіңіздің қызығушылықтарыңызға және мансаптық мақсаттарыңызға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. 

2. Университеттің, оның кафедралары мен оқытушыларының беделі туралы зерттеулер жүргізіңіз. 

3. Университеттің орналасқан жерін қарастырыңыз. Өзіңізді жайлы сезінетін жерді шешіп, климатты, мәдени ортаны және қызметтердің қолжетімділігін ескеріңіз. 

4. Оқу ақысын, қаржылық көмек немесе шәкіртақы алу мүмкіндіктерін бағалаңыз.

5. Жоғарғы оқу орнында білім беру қызметтерін көрсету үшін қажетті аккредитациялар мен лицензиялардың болуына назар аударыңыз. 

6. Университет атмосферасы мен мәдениетін түсіну үшін корпустарға барыңыз және ашық есік күндеріне қатысыңыз. 

7. Әр түрлі сайттардан студенттердің университеттер жайлы пікірлерін оқыңыз. Осы орайда өзім Joo.kz сайтын ұсынғым келеді, бұл сайтта жоғарғы оқу орындары туралы пікірлерді таба аласыз, сондай-ақ ҰБТ баллыңызды енгізіп қандай университеттерге түсуге мүмкіндігіңіз бар екенін біле аласыз. 

8. Студенттердің белгілі бір университетті аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша жұмысқа орналасу статистикасын, практикалық тәжірибесінің болуын зерттеңіз. 

9. Егер сіз басқа қалада оқуды жоспарласаңыз, жатақханалардағы жағдай қаншалықты жайлы екенін білуді ұмытпаңыз, өйткені жатақхана алдағы жылдары сіздің екінші үйіңізге айналады. Студенттің кез келген жерде ұйықтап, не жейтін кездері өткенде қалды деген үміт бар.

10. Ел-жұрттың айтқанынан немесе жалғыз қалып қалудан қорқып достарыңыздың артынан еріп университет таңдамаңыз. Ішкі қалауыңызды ескеріп, сіздің болашағыңызға үлкен мүмкіндіктер ұсына алатын университетті таңдағаныңыз жөн.

Қорытындылай келе, университетті таңдау сіздің біліміңіз бен болашақ мансабыңызды анықтайтын маңызды қадам екенін айтқым келеді. Ең бастысы өзіңіздің жүрек қалауыңызды тыңдаңыз. Өміріңізді құру — өз қолыңызда. Білім жолында сәттілік!

Байсеркина Мадина


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз