Өлең, жыр, ақындар

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар

Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер мен өлеңдер легін ұсынамыз.

Жылыстаған жылдармен жылжып есен-сау жүре берейік! Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын. Аялы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын!

******

Құрметті достар!
Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2024 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін! Жаңа 2024 жыл мерекелі, берекелі болсын. Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін! Ізгі ниетпен, қандас бауырларың!

******

Бауырымыз бүтін болсын, жақындарымыз аман жүрсін! 2024 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай!

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар

Осы мерекені қатты күткен былдырлаған балапаным! Алыстарды көздеп, биік белестерді бағындыратын  үлкен азамат бол! Өмір жолы сені адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын. Көрер жаңа жылдарың көп болсын, жүзіңнен тек қана күндей жайнаған нұрлы күлкіні көрейік.

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Бүлдіршінге арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Ата-анаға арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Тамырын тереңге жайған бәйтеректей бәрімізге сая бола білген ата-анамызды жаңа жылмен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілейміз. Шырайлы шапағат мен шуаққа кенеліп, арамызда аман-сау жүре беріңіздер!

******

Тіреуім досым! Қуанышым мен қайғымның куәсі, өмірімнің бөлшегі болған аяулы жан. Жаңа жылда сені құттықтап, қуантуға асығудың өзі қандай бақыт! Жыл бойы кірпігіңді мұң шалмасын, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.

******

Жаңажылдық дастархан қандай тәтті болса, сен барда менің өмірім сондай тәтті. Нұрлы жүзіңнен тек қана күлкі көріп, қуанышымды өзіңмен бөлісе жүрейін. Бақытты бол, құрбым!

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Досқа арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Жаңа жылдық құттықтау, тілектер

Айналамды өздеріңдей керемет жандар қоршаған мен ең бақытты жанмын! Жаңа жылдың жылтыраған ойыншықтарындай жүздері жайнаған достарым мәңгі жанымда болсын! Достар, мереке құтты болсын! Дастарханымыз мол болсын! Көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын!

******

Жаңа жыл құтты болсын! Осы жылы барлық қойыған мақсаттарыңызға қол жеткізіп, түйінді мәселелер шешіліп, жылыңыз тосын сыйларға толы болсын. Жаңа 2024 жыл саған тек қызықты да қуанышты сәттер алып келсін!  Биылғы жыл көңілді, алаңсыз және берекелі болсын! 

******

Құрметті достар! Сіздерді Жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! 2024 жылы мақсат-тілектеріңіз, армандарыңыз орындала берсін. Келер жыл бейбітшілік, құт-береке, табыс пен қуаныш ала келсін! Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық пен бақыт тілеймін.

******

Жаңа жылда адамдардың көңілі аппақ қардай таза болсын. Сыйқырлы мереке өмірімізге ғажайыптар алып келсін. Зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілеймін, жүзіңізді мұң шалмасын.

******

Шын жүректен әлемнің бар жақсылығы мен асылын, қуанышы мен байлығын тілеймін! Жаңа жыл жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, сізді үлкен бастамаларға жетелесін. Мен де, балапандарымыз да сізді шексіз жақсы көреді. Кез келген сәтте сүйенішіңіз болуға дайынбыз! Осыны ұмытпаңыз!

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Жаңа жылға арналған әзіл құттықтаулар

Сүйіктілерге арналған жаңа жылдық құттықтаулар

Қадірлі ағайын! 2024 жыл баршаңызға қуанышқа, шаттыққа толы болсын деген тілек айтамын. Дендеріңізге саулық, жұмыста табыс, отбасына амандық тілеймін! Жаңа жыл берекелі, мерекелі болсын! Барлық қиыншылық осы жылдың еншісінде қалсын. Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа!

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Жаңа жылға арналған құттықтау өлеңдер

Тілектер, құттықтаулар

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (11)

Аруна

Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Ернар

Келе жатқан Жаңа 2024 жыл құтты болсын! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл — қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктер мен арман-мақсаттарды жүзеге асыратын табысты жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!

Гүлназ

2024 жыл тек жақсы оқиғаларға толы болсын, жаңа мүмкіндіктер ашылсын, жаңа жетістіктер мен табыс әкелсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз! Арман-тілектеріңіз, алға қойған жоспарларыңыз орындалсын!

Тілмаш

Келе жатқан жаңа 2024 жыл құтты болсын!

Жаңа жыл халқымыз үшін берекелі жыл болсын! Әр шаңырақ шаттыққа, қуанышқа толсын! Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!
___________________

С наступающим Новым годом 2024!

Пусть Новый год будет благословенным для нашего народа! Пусть каждая семья наполнится радостью и счастьем! Желаем всем крепкого здоровья, больших успехов!

Оптимист

Сіздерді кіріп келе жатқан Жаңа 2024 Жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – өткен жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттауды қалайды. Осы орайда, Жаңа 2024 жылды барлығымыз ерекше шат-шадыман көңіл-күйде қарсы алуға тырысамыз.
Жаңа жылға әр адам үкілі үмітпен, ізгі ниетпен және ақ тілекпен қадам басады. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» демекші тарих қойнауына енгелі тұрған 2023 жыл тұтас ел үшін, жер үшін оңай болмағанымен, пайдалы тұстары да көп болды.
Қазіргі шақта Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда. Еліміздің құрылымдық жүйесінде, саяси-экономикалық бағытында жаңғыртулар қолға алынды. Халық жаңа қоғам қалыптастыруға деген бастамаларға қолдау білдірді.
Ауданның әр саласында жаңашыл бастама мен игілікті істер бар. Аудан тұрғындарының игілігіне арналған әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп пайдалануға берілсе, көшелер жарықтандырылып,жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүруде.Сонымен қатар, кәсіпкерлік бағыттағы бірқатар қызмет көрсету орындары ашылды. Мұның бәрі берекелі бірлігіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдеміз.
Енді есігімізден еніп, төрімізге озғалы отырған, 2024 жылында елімізде тыныштық, молшылық болсын, әрбір шаңыраққа амандық, құт-береке тілейміз.

Қазақ елінің азаматы

Келе жатқан Жаңа жылыңызбен!

Қымбатты достар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

2024 жыл әрбір үйге жақсылықпен және мейіріммен кірсін, барлық армандарыңыз орындалсын! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, барлық игі істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Дидар

Құрметті әріптестер және білім алушылар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2024 жыл әрқайсымыз үшін қуанышқа, жетістіктерге және жаңа мүмкіндіктерге толы болсын.

Перизат

Баршаңызды Жаңа 2024 жылмен құттықтай отырып, ортақ елімізге қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Нұлан

Келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Алдағы жыл жағымды оқиғаларға толы болады деп үміттенемін. Келе жатқан Жаңа жыл өмірлеріңізге береке мен қуаныш әкелсін. Жаңа жылда Сіздерге және жақындарыңызға шын жүректен зор денсаулық, бейбіт өмір, жақсылық және бақыт тілеймін!

Азамат Сабуров

Келер жылдан күтетін үмітіміз көп. Алдағы жыл жаңа жеңістер мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын. Толассыз еңбектеріңіз әрдайым жемісті болғай!

Келе жатырған жыл кең байтақ еліміз үшін құт-береке әкелсін! Еліміз үшін өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларңызға бақыт пен қуаныш тілеймін.

Құрметті, әріптестер, ата-аналар, студенттер! Баршаңызға мықты денсаулық, берекелі байлық тілеймін! Келер жылда да жағымды жаңалықтар мен табыс мол болсын! Келе жатқан ұлу жылына ізгі үмітпен, ерекше пейілмен, жақсы ниетпен қадам басайық!

Ізгі ниетпен, Азамат Сабуров

Дархан

Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге келіп жеткен 2024 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз