Өлең, жыр, ақындар

Досқа арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Тіреуім досым! Қуанышым мен қайғымның куәсі, өмірімнің бөлшегі болған аяулы жан. Жаңа жылда сені құттықтап, қуантуға асығудың өзі қандай бақыт! Жыл бойы кірпігіңді мұң шалмасын, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.

*** *** *** ***

Достар! Жастық шақ — өсіп тұрған гүл емес пе, Сол гүлдің нағыз өзі — біз емес пе! — дегендей жан-жағыма көз салсам, жаңа жылды қарсы алу кешіне әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай қыздар мен жігіттер жиналып отыр екен. Жүздеріңе қарасам, мезгілдің қыс екенін ұмытып, қып- қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын, жаздың жылулығын көремін. Ендеше достар, лайым осылай құлпырып жүре беріңдер. Жаңа жыл әрқайсысыңа бақыт пен шаттық сыйласын! Жылдар бойы жалғасып келе жатқан достығымыз бұл жылы да әдемі жалғасын тапсын!

*** *** *** ***

Жаңажылдық дастархан қандай тәтті болса, сен барда менің өмірім сондай тәтті. Нұрлы жүзіңнен тек қана күлкі көріп, қуанышымды өзіңмен бөлісе жүрейін. Бақытты бол, құрбым!

*** *** *** ***

Аяулы дос! Санаулы сағаттардан соң кіретін жаңа жыл саған бар жақсылығын төксін! Жаңа жылда жаңа табыс, денсаулық, сәттіліктер тілеймін! Жылдан-жылға аманшылықпен, зор қуанышпен жете бер!

*** *** *** ***

Әніміз де, сәніміз де жарасқан, тілегіміз де, жүрегіміз де бір болған асыл дос! Өзіңді жаңа жылмен құттықтауға асықпын! Бар қиындықтар мен өкпе-наздар ескі жылмен есіркеп кетсін! Жаңа жылда жаңа белестерді бағындырып, жаңа табыстарға жете бер! Жаңа жыл құтты болсын!

*** *** *** ***

Айналамды өздеріңдей керемет жандар қоршаған мен ең бақытты жанмын! Жаңа жылдың жылтыраған ойыншықтарындай жүздері жайнаған достарым мәңгі жанымда болсын! Достар, мереке құтты болсын! Дастарханымыз мол болсын! Көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын! 

*** *** *** ***

Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана, бақытты! Жаңа жылыңмен!

*** *** *** ***

Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!

*** *** *** ***

Осы қалпыңнан танба, достарыңа адал бол! Қыстың қарлы күнінде де, жаныңа шуақ шашып, көктем күлсін.

*** *** *** ***

Бүгін саған 3 кісі барады.Тек ашуланба, мекен-жайды мен бердім. Олар өмір бойы сенің қасыңда қалатын болсын: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!

*** *** *** ***

Аппақ қардың ұлпалары саған бақыт болып төгілсін. Кірпіктерің де ақ қарға көміліп, көздерің тек аппақ армандарыңның орындалғанын көрсін! Бақыт пен үміттің, махаббат пен татулықтың жылы құтты болсын!

*** *** *** ***

Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты қуанышты сәттермен өткіз! Жаңа Жыл жарылқасын!

*** *** *** ***

Келер жыл сені азап пен ауыртпалықтардан, ұрыс пен берекетсіздіктен сақтасын! Жылан жылы айналаңдағы жандарға, маған және саған да, үміті мен махаббатын, бақыты мен байлығын сыйласын!

*** *** *** ***

Құрметті достар! Сіздерді Жаңа ____ жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!

*** *** *** ***

Достарл, лайым Жаңа жыл барлықтарыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін! 

Ортамыз ойсырамай, көбейіп, Алла тағала жылдан жылға аман-есен жеткізе берсін! Бәріне мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерін оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін! Жаңа жыл құтты болсын!

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар

Жаңа жылға арналған әзіл құттықтаулар

Сүйіктілерге арналған жаңа жылдық құттықтаулар

Ата-анаға арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Бүлдіршінге арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Жаңа жылға арналған құттықтау өлеңдер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Диана

Керемет айтылған

Диана

Маған ұнады керемет айтылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз