Өткен әлем чемпионаттарының тұмарлары.
Вилли — Англия, 1966
Вилли арыстан тарихтағы спорт тұмарларының біріншісі және Англиядағы әлем чемпионатының тұмары болған. Осы тұмардан кейін барлық мемлекеттер доппен бейнеленген тұмарларды шығаруды дәстүрге айналдырды. Арыстан Ұлыбританияның әдеттегі рәмізі, ол ұлттық тудың бейнелемесі бар киімде болды.
Хуанито — Мексика, 1970
Хуанито атты толық, қызыл шырайлы балақай (Хуан — Мексикада ең көп таралған ер адам атауы) 1970 жылғы әлем чемпионатының бейнесі болды. Томпиған баланың басында Мексиканың дәстүрлі бас киімі — сомбреро.
Тип пен Топ — Германия, 1974
Немістердің тұмарлары сәл келемежденген. Бірақ соған қарамастан тартымды. Футболкадағы «WM» әріптері Weltmeisterschaft («әлем чемпионаты») сөзінің қысқартылған түрі, ал «74» деген жазу, чемпионат өткен жыл.
Гаучито — Аргентина, 1978
Аргентиналықтар дәстүрді жалғастырды, чемпионаттың бейнесі қайтадан бала болды. Толық Хуанито мен күлкілі Тип пен Топтың жанында Аргентинаның тұмары нағыз спортсмен болып көрінеді. Гаучито ұлттық киім киген, оның қолындағы қамшысымен мойнындағы орамалы оның пампастарда тұратын гаучо екенін де көрсетуде (Америкалық ковбойлардың аналогы).
Наранхито — Испания, 1982
Бұл оғаш көрінуі мүмкін, бірақ испандықтар тұмар ретінде апельсинді таңдаған! Онымен қоймай апельсинге ұлттық символикасы бар футбол формасын да кигізген. Таңғалмаңыз, бар болғаны бұл мемлекет ең дәмді шырын жасалатын, аңызға айналған апельсиндерін мақтан тұтады.
Пике — Мексика, 1986
Аспаздық тақырыбын мексиқандықтар да қолдап, Хуанитоның орнына дәстүрлі тағам болып табылатын ащы бұрыш Пике келді. Мексиканың ұлттық бас киімі собреро өзгеріссіз қалды. Пике деген ат picante деген испан сөзінен алынған, мағынасына келетін болсақ жергілікті дәмдеуіштердің жалпылама аты.
Чао — Италия, 1990
Италия чемпионатының тұмары ұлттық тудың түстерінен тұратын, текшелерден құралған адам болды. Бастың орнына футбол добының болуы италияндықтардың футболға деген әуесқойлықтарын бейнелейді. Тұмардың атын қоюда италияндықтар бас қатырмаған сияқты. Есім ретінде Италияда амандасуда қолданатын ең танымал сөз алынды.
Страйкер — АҚШ, 1994
Американдықтардың тұмары Страйкер (strike сөзінен — «соғу») сүйкімді әрі әдемі.Футбол американдықтардың ең жақсы көретін спорт түрі болмаса да, тұмарлары өте танымал болды. Чемпионат кезінде тұмар бейнеленген әртүрлі атрибутикалар те жақсы сатылған.
Футикс — Франция, 1998
Француздар еш күдіксіз тұмар ретінде мемлекеттерінің ұлттық символы әтешті таңдады. Жарқын әрі әдемі кейіпкер 1998 жылғы чемпионатта Францияға бірінші орын алуға көмектесті. Сонымен қоса ол американдық Страйкердің рекордтық сатылымынан асып түсті.
Ато, Каз және Ник — Жапония мен Оңтүстік Корея, 2002
Азиядағы алғашқы футболдан әлем чемпионатының символы бірден үш кейіпкер болды. Олар компьютерлік графика арқылы жасалынып, чемпионатты өткізіп жатқан мемлекеттердің жоғары технологиялық дамуларын көрсетті. Үш кейіпкер де атмобол (футболға ұқсас, ойдан шығарылған спорттың түрі) бойынша команда мүшелері болып есептелінді. Ато – жаттықтырушы, ал Каз бен Ник – ойыншылар.
Голео VI және Пилле — Германия, 2006
40 жылдан кейін Германияның тұмары қайтадан Голео VI атты арыстан болды, жанында сөйлейтін Пилле атты доп бар. Тұмарды қуыршақ ретінде шығару ең жақсы идея емес екенін, символды шығарған компанияның банкротқа ұшырауы дәлелдеді.
Закуми — ОАР, 2010
Жасыл-сары (ОАР-дың ұлттық түсі) түсті леопард 2010 жылғы чемпионаттың символы болды. Бұл жануар намысшыл және бостандық сүйгіш Африка халықтарын бейнелейді. Бірақ оның әдеттен тыс болатын шашының түсі көптеген пікірталас тудырған.
Фулеко — Бразилия, 2014
Осы тұмардың арқасында Бразилияда броненостар мекендейтінін білдік. Фулеко (futebol — «футбол» — және ecologia — «экология» сөздерінен құралған) көңілді, жайдарлы әрі жігерлі болып шықты. Бразилия құрамасы гол соққан сайын ол самба билеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
string
Закуми әдемі екен