Өлең, жыр, ақындар

Ұлттық құрамадағы дағдарыс: Бапкер кінәлі ме?”

Неліктен біз соңғы кезде жеңістің дәмін сезінбей, жеңілістен көз ашпай жүрміз? Бұған әсер ететін 
көптеген фактор бар, соның басты себебі — қазіргі таңда жанкүйерлер арасында сынға ұшыраған Станислав Саламұлы Черчесовтың бапкерлік қызметі.

Бұл маман 2024 жылдың 3 маусымында Ұлттар лигасының іріктеу кезеңі басталар алдында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Черчесов мырза басшылығымен біздің құрама B тобына түсіп, Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен бақ сынасты. Алайда 6 ойынның қорытындысы бойынша 5 рет жеңіліп, тек 1 тең нәтиже көрсетті.Сонымен қатар, 15 гол жіберіп, бірде-бір гол соға алмадық. Нәтижесінде, топтың соңғы орнынан көріндік.
Черчесов мырзаның жылдық жалақысы 1,2 миллион еуроны құрайды. Мұндай жоғары жалақы алып, төмен нәтиже көрсету жанкүйерлер үшін ақылға қонымсыз жағдай. Алаңдағы ойынның жүрмеуі көбіне команданың ішкі атмосферасына байланысты екені белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда да жағдайымыз мәз емес. Черчесов мырзаның Мәскеуге жиі кетуі, ойыншылармен жақсы қарым-қатынас орнатуға талпынбауы оның ұлттық құраманы кәсіби түрде басқармауын немесе өз ісіне толық берілмеуін көрсететіндей әсер қалдырады.

Бапкер — команданы құрушы. Бұл жерде біз Черчесовты сынап қана қоймай, нақты фактілерді келтірудеміз. Мысалы, оған дейін ұлттық құраманы басқарған Магомед Адиев мырза 17 ойын өткізіп, 10 жеңіс әкелді. Бұл — Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ, ол құраманы C дивизионинан B дивизионына көтеріп, үздіктер қатарына қосты. Евро-2024-ке шығу үшін де бар күшін салды.

Адиевтің мұндай жетістігі оның командада жылы атмосфера қалыптастыра білуімен, журналистермен және жанкүйерлермен жақсы қарым-қатынас орнатуымен байланысты. Ал Черчесов мырзаға дәл осы қасиеттер жетіспейтіндей көрінеді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Маратұлы Димаш


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз