Дастан Сатбаев - футбол сүйер қауымның фавориті
Дастан Сатпаев жасына қарамастан бас болған үздік футболшы.Тіпті,оның бойындағы қабілетін байқаған әлемдік Челси футбол клубы көз тігіп,18 жасқа толған соң өз құрамаларына қосатынын мәлімдеген. Дастан Талғатұлы 2008 жылдың 12-ші жұлдызында дүниеге келген.Оның футболға келуіне тоқталар болсақ .Дастанның футболға деген ынтасын атасы байқап,анасы жұлдыздай жарқырауына себеп болған.Анасы Мадина ханым ұлына “спорт жеңіс әкеледі,бірақ білім болашаққа жол ашады” деп оқудың өмірдің негізі екенін әрдайым есіне салған.Дастанның тал бесіктен бойына сіңген тәрбиесі оның осындай дәрежеге жетуіне үлкен әсерін тигізіп келеді.Ол жас болса да өзіне сенімді.Жеңдім деп тасымайды,жеңілдім деп жасымайды.Дастанның өнеріне қызығушылық Қайрат пен Қызылжар арасындағы матчтағы Майкл Оуэннің стиліндегі голынан бастау алған.Мұны Chelsea Loon Army өз парақшасында жариялаған.Сатпаев ешқашан көкірек кергенде емес,тәртіптен бас тартқан да емес.Ол мақтауды да,даттауды да сабырмен қарсы алды.Бәріміз байқағандай Дастан голдарын ерекше тойлайды. “Неге голдарымды Арда Гүлердің стилінде тойлаймын? Себебі, бұл тойлаудың мағынасы ұнайды.Осылай жаратушыға алғысымды білдіремін” деп анығын ашып айтты.Футболшы командасында кішісі болса да, әлемдік футбол жұлдызы Мбаппемен иық тіресе, жақсы ойын көрсете білді.Дастан Сатпаев - алаш дейтін ардақты атты әлемге әйгілі етеді деп сенеміз.Қажымас қайрат, әр ойынына жеңіс тілеймін!
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі