Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарында татамиге екі қарсылас шықты – жапондық Яхуширо Ямашита мен мысырлық Мұхаммед Али Равшан. Жапондық дзюдошы жарақат алған еді – оң аяғын әрең қозғалтты. Бүкіл жекпе-жек бойы жаттықтырушы Равшанға жапон спортшысының оң аяғынан теуіп құлататын болса жеңіс уысында болатынын айтты. Алайда Равшан мұндай іске бармай, жол беріп жеңіліп күміс медальді иеленді.
Журналистердің «Неліктен қолайлы тәсілді пайдаланбадың?» деген сұрағына Мұхаммед Равшан, дініміз жараланғандарды және мүгедектерді, әсіресе ауырған жерін ұруға тыйым салатынын айтты. «Егер мен оның жаралы аяғына ұрсам, ол мүгедек болып қалуы мүмкін еді. Тіпті алтын медаль үшін мен ондай қадамға бармас едім », - деді спортшы. Оның мұндай жауабын қалың көрермен қол соғумен қарсы алды. Ал «Халықаралық адал ойын комитеті» оған «Жыл спортшысы» сыйлығын берді. Равшан кейін Жапонияға барғанда оны патша секілді құрметтеп күтіп алды. Мұхаммед Равшанның бұл әрекетінен хабардар болған дүние жүзіндегі мыңдаған адамдар исламды дінін қабылдаған екен.
Дин Карназес — шаршамайтын желаяқ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі