Ас қорыту мүшелеріне ауыз қуысы, өңеш, асқазан, ащы және тоқ ішек, бауыр жатады. Жаңа туған балаларда олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Тілі жалпақ, қысқа, шайнау қызметін атқаратын бұлшық еттері жақсы дамыған, екі ұртында майлы кесектер бар, қызыл иектері жұмыр, еріндерінде көлденең сызықтар бар. Бұл ерекшеліктердің барлығы баланың емшекті жақсы қамтуына, ауыз ішінде вакуум тудырып емшектен сүтті сорып алуғға жақсы жағдай жасайды. Ауыздың сілекейлі қабығында қан тамырлары көп, олар өте нәзік, жарақаттанғыш келеді, сондықтан кішкене балаларда ауыздың уылуы, ойылуы жиі кездеседі. Сілекейлі қабығы құрғақ келеді, өйткені сілекей бездері 4-5 айдан бастап қана жұмыс істейді. Осы кезде баланың сілекейі шұбырып, көкірегі су болып қалады, сондықтан балаға кішкене алжапқыш таққан жөн және балаға тамақ беретін ыдыс, күтушінің қолы, күтім бұйымдары өте таза болуы керек.
Асқазанның көлемі кішкентай 30-35 мл, өңештің асқазанға түсетін жері жабылмай ұдайы ашық тұрады, сондықтан бала жиі құсып қояды. Бала көп құспауы үшін оған тамақтың көлемін оның жасына сәйкес беру керек, тамақтандырғаннан кейін көп қозғап, массаж және гимнастика жасамау керек.
Асқазан сөлінің қышқылы, ферменттері аз, сондықтан жаңа туған балаға ең жақсы тамақ-емшек сүті. Асқазан сөлінің күші балаға суық тамақ бергенде, бала ауырғанда, тамақты мөлшерден көп бергенде онан да төмендейді.
Ішегінің ұзындығы үлкен адамдардікімен салыстырғанда едәуір ұзын, жүйке жүйесі жетілмеген, сондақтан жас баланың іші жиі кеуіп кетеді.
Ішектің шырышты қабатында қан тамырлары көп, сондықтан сәл ас қорыту бұзылса уыттар денеге тез жайылады.
Бауыр аз мөлшерде және әлсіз өт шығарады (өт липазалардың белсенділігін жоғарылатады), сондықтан 3 жасқа дейін балаға майлы, қышқыл, тұзды тамақ беруге болмайды.
Жаңа туған баланың ішегі стерильді, таза, бірақ бірнеше сағаттан кейін әртүрлі микробтар енеді. Ішектің микрофлорасы баланың тамақтануына байланысты. Егер бала емшек сүтімен қоректенсе оның ішінде бифидумбактериялары пайда болады. Олар тамақты ашытып қорытады, сондықтан баланың дәреті сары, ашытқы иісті, қоймалжың, сөткесіне 4-5 рет болады. Ал егер бала қолдан тамақтандырылса оның ішегінде ішек таяқшалары болады. Олар тамақты шірітіп қорытады, сондықтан бұл балалардың дәреті ақшыл-сары, шірік иісті, сөткесіне 1-2 рет болады.
Тамақпен организм қажетті заттар мен өсуге керекті пластикалық материалдарды қабылдайды. Баланы рациональды тамақтандыру оның дұрыс дене құрылысын, психикалық дамуын, ауруларға жақсы қалыптасуын қамтамасыз етеді.
1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандырудың 3 түрі бар: табиғи, аралас және қолдан тамақтандыру.
Табиғи тамақтандыру дегеніміз - 6 айға дейін баланы тек анасының сүтімен қоректендіріп, оған 1 айында шырындар, 6 айында қосымша тамақ беру.
Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар:
Ана сүтінің химиялық құрамы жақсы:
1. Ана сүтіндегі ақуыздар альбуминдер және глобулиндер, олар ұыйғанда өте майда сүзбе береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде казеин, сүзбесі ірі болады.
2. Ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар. Ал сиыр сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорыту қиын.
3. Қанттары-бетта лактоза, бифидум бактериясының өсуіне себепкер болады. Сиыр сүтіндегі лактоза - ішек таяқшасын өсіреді.
4. Минералды тұздардың құрамы - оптимальды.
5. Ана сүтінің құрамында А, Д, Е, С витаминдері бар. Сиыр сүтін қайнатқанда олар бұзылып кетеді.
Босанғаннан кейін бірінші күндері емшектен уыз шығады. Ол қою кілегей сарғыш сұйық зат. Уызда ақуыздар сүтпен салыстырғанда 4 есе, тұздар 2 есе көп, витаминдер, имундық денелер де көп. Уыздың құрамы баланың тканьдеріне жақын, сондықтан қорытылмай-ақ сіңеді. 4-5 күннен бастап өтпелі сүт, екінші аптадан бастап сүт шығады.
Бала емізіп жүрген әйел сөткесіне 1,5-2 л сүт бөледі. Бұл сүттің мөлшері және сапасы ананың денінің саулығына, оның ішкен тамағына, күн тәртібіне байланысты. Сондықтан оның тамағы алуан-түрлі, құнарлы болуы керек, күнделікті ет, балық, көкөніс, жидек, сүт тағамдарын ішуі керек. Сонымен қатар ішімдікке салынуға, темекі тартуға, сарымсақ, пияз көп жеуге болмайды. Сөткесіне 1,5-2 л сұйық тамақ ішуі керек. Таза ауада жеткілікті болып, түнде 8-9 сағат ұйықтап, күндіз 1-2 сағат дем алғаны дұрыс.
1. ЖТБ-ны табиғи тамақтануды насихаттауға медицина қызметкерлерін тұрақты үйрету.
2. ЖТБ-ны табиғи тамақтандыру тәжірибелерімен медицина қызметкерлерін таныстыру. Жүкті әйелдерге ЖТБ-ны табиғи тамақтандырудың маңызын түсіндіру.
3. Алғашқы 30 минутта баланы кеуде безіне салуға анасына көмектесу.
4. Босанған әйелді нәрестені ана сүтімен тамақтандыру ережесімен таныстыру.
5. ЖТБ-ға тек қана ана сүтін беру.
6. ЖТБ-ны анасымен бірге ұстау.
7. Баланы сұрауы бойынша тамақтандыру.
8. Балаға емізік бермеу.
9. Босанған әйелдерді ЖТБ-ны табиғи тамақтандыру мектебіне жіберу.
10. Балаға керекті тамақтың көлемін анықтау.
10-12 күнге толғанша балаға керекті тамақтың сөткелік көлемін Турдың формуласы бойынша анықтайды: Y=7х10хn.n – баланың күндік жасы. Мысалы: туғанына 5 күн болған балаға Y=7х10х5=350 мл.
2 жұмадан бастап сөткесіне керек тамақтың көлемі салмақтық немесе көлемдік әдіспен табылады:
2 жұма – 2 ай салмағының 5/1 бөлігі
2 ай – 4 ай -//- 6/1 бөлігі
4 ай – 6 ай -//- 7/1 бөлігі
6 ай – 9 ай -//- 8/1 бөлігі
Бірақ бұл көлем 1 л аспауы керек.
5 айға дейінгі баланы тәулігіне 6–8 рет тамақтандыру керек.
5 айдан бастап 5 рет тамақтандыру.
1-1,5 жастан бастап 4 рет тамақтандыруға көшіру.
5 айынан балаға 2 тамшыдан 1 шәй қасыққа дейін алма, адмұрт, сәбіз шырындарын беру, 2 аптадан соң жеміс пюрелерін беру керек.
6 айынан бастап 1-ші қосымша тамақ-көкөніс пюрелері (картоп, асқабақ, т.б.) ірімшік, жұмыртқаның сарысы тағайындалады.
6,5-7 айынан 2-ші қосымша тамақ-ботқалар (манка, күріш, сұлы т.б.) беріледі.
7,5-8 айынан 3-ші қосымша тамақ-айран беріледі.
9-10 айынан ет сорпасы, фрикаделькалар
11-12 айында еттен котлет беруге болады.
Анасының сүті жетіп тұрса да 4,5-5 айлық баланың тамағын түрлендіріп, диетасын кеңейту үшін оған қосымша тамақ тағайындалады. Қосымша тамақпен бала ақуыз, майлар, қант, минералды тұздар алады.
Қосымша тамақ балаға емізердің алдында беріледі.
Жаңа тамақтарды 5-10 гр бастап әрі қарай күнде ұлғайтып отырып 2 жұманың ішінде баланың өз нормасына жеткізіп 1 мезгіл емуін алмастырады.
2 түрлі тамақты бір мезгілде енгізуге болмайды.
Жаңа тамақтар түйіршіксіз, біркелкі, сұйықтау болуы керек, оларды балаға қасықпен беріп шайнау рефлексін дамыту керек.
1. Анасы жағынан-жүректің декомпенсацияланған ақауы, туберкулездің кейбір түрлері, асқынған диабет, ісікті процесстер, бүйрек ауруларының ауыр түрі.
2. ЖТБ жағынан - асфиксияның ауыр түрлері, миға қан құйылу, гемолиздік ауру.
Бұл жағдайларда балаға анасының сүтін сауып беруге, немесе донорлық сүт беруге болады.
Кейбір аналарда сүт өте көп болып, өз баласынан артылады. Бұл артық сүтті олардың балалар емханасындағы сүт қабылдайтын жерге өткізулеріне болады. Тек дені сау әйелдер ғана донор бола алады, сондықтан олар медициналық бақылаудан өтіп тұрады. Донорлық сүт шөлмектерге құйылып, стерильденеді де, дәрігердің рецептісімен сүті жоқ немесе сүті жетіспейтін аналардың балаларына беріледі.
Егер бала салмағын мөлшерінен аз қосса, емізу аралығында мазасыз болса, бақылау өлшеуін өткізген кезде емшектен сорып алған сүті оның жасына қажетті мөлшерден аз болса баланы аралас тамақтандыруға аударып үстеме тамақ ретінде сүт қоспалары беріледі.
Сүт қоспалары бейімделген және бейімделмеген қоспалар болып бөлінеді. Бейімделген қоспалардың құрамы «ана сүтіне ұқсас».
1. Бала емшек еміп болғаннан кейін беріледі, оның мөлшері баланың емшектен еміп алған сүтінің көлеміне байланысты.
2. Үстеме тамақты 37-380С-қа дейін жылыту керек.
3. Қасықпен берген жөн, ал шөлмекпен берілсе, емізіктің тесігі кішкене болуы керек.
Егер ЖТБ-ның анасының сүті мүлдем жоқ болса, немесе баланы емізуге болмайтын болса, донорлық сүт жоқ болса, баланы сүт қоспасымен қоректендіреді.
Аралас және қолдан тамақтандырылатын балалар бейімделген сүт қоспасын алса, оларға шырындар, қосымша тамақ уақтында беріледі. Ал егер бейімделмеген қоспамен қоректендірілсе-шырындар, жұмыртқаның сарысы, қосымша тамақтар 2-3 апта ерте беріледі.
Оқуға кеңес береміз:
Сәби күтімі. Емшек сүтінің құрамы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі