Жер шары мен Марс планетасы сіз ойлағандай әр түрлі емес. Nature Geoscience жариялаған зерттеуге сенсек, бұрын Қызылжұлдыз шөлге қарағанда жазира далаға ұқсас болған. Curiosity аппаратының жинаған ақпаратын зерттеген ғалымдар Марс осыдан 3,5 миллиард жыл бұрын өзен-көлге толы болған деген тұжырымға келді.
Curiosity аппараты Марсқа 2011 жылдың 26 қарашасында Atlas V 541 зымыранымен ұшырылды. Робот Қызыл планетаға 2012 жылдың 6 тамызында қонған еді. Қазір Марста Curiosity-ден бөлек Opportunity деп аталатын ровер жұмыс істеп жатыр. Осыдан 6 жыл бұрын да дәл осы аппарат Марстың бетінен су іздерін тапқан болатын. Ғалымдар Марстың бетіндегі топырақтың әр келісінің 2%-ына дейін су болады деген батыл тұжырымға келген.
2018 жылы NASA мен Google бірігіп жасаған Қызылжұлдыздың интерактивті картасынан Curiosity-дің қай жерде болғанын аңғаруға болады. Құрылғы Гейл кратерінің маңына қонып, Шарп тауына қарай беттеген. Бұл жерде жиналған деректер бойынша он бір тоғай мен өзендердің ізін тапқан.
Curiosity командасының басшысы Уильям Рапиннің айтуынша, құрылғыны Марстың уақыт өте қалай өзгергенін анықтау үшін арнайы Гейл кратеріне бағыттаған. Гейл — Марстағы диаметрі 150 шақырым болатын үлкен кратер. Ол Марстың экваторына жақын жерде орналасқан. Астрономдардың пікірінше, кратер осыдан 3,5–3,8 миллиард жыл бұрын үлкен астероидтың құлауынан пайда болған. Бұл кездері Марста су болғандықтан уақыт өте келе кратерді су басып қалған. Су мен жел уақыт өте өз ісін тындырып, кратерде қабат-қабат жыныстардың пайда болуына әсер еткен.
Қазіргі таңда Шарп тауына бет алған Curiosity құрылғысы тың деректерді жинауда. Ғалымдар осы арқылы қашан Марстың жазира даладан шөлге айналғанын анықтап көрмек. Бір анығы Қызылжұлдызда ыстық және суық кезеңдер алма-кезек ауысып отырған.
Бұл сұраққа әзірге ғалымдар жауап беруге дайын емес. Ең алдымен Марстағы климаттың қашан және қалай өзгеріп отырғанын, микробты тіршілікке қолайлы кезеңнің қанша уақытқа созылғанын анықтау қажет. Бұл үшін ғалымдар Саттон аралын зерттеп көрмек. Жақында ғалымдар Curiosity аппаратынан алған деректерден Марстағы Гейл кратерінде ежелгі заманда тұзды көлдің болғанын анықтаған. Саттон аралы деп аталатын аймақта судың шөгінді жыныстары жиналған. Ғалымдар осы бір жерден лай жарықтары мен минералды тұздарды тапқан. Марстағы Саттон аралы алғаш рет 2017 жылы суретке түсірілген. Екі жыл бойы жүргізілген зерттеу нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келген: лай жарықтары бұрын болған тұзды көлдің кеуіп кетуінен пайда болды. Бұл процесс бірнеше мәрте қайталанған.
Оқуға кеңес береміз:
Марстан таңғажайып селфи(ФОТО)
NASA адамзаттың Марсты бағындыруын тексеріп көрмекші.(ФОТО)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі