Отбасыдағы ұрыс әрбірімізге үйреншікті болғанымен, балаға тигізер зияны сан алуан болуы мүмкін. Ал ата-ана балаға тиер зиянды азайту мақсатында өзін қалай ұстауы керек?
Үйдегі жәйт баланың дамуы, психикасы мен денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Мұнда тек бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас маңызды емес.
Ата-ананың бір-біріне деген қарым-қатынасы бала өмірінде елеулі рөл атқарады. Қазіргі кішкентай ойлау жүйесі арқылы, сіздің әрбір ісіңізді өнеге тұтып, өз болашағын сіз арқылы қалыптастырады. Әке мен шеше арасындағы қарым-қатынас баланың жетістігі мен жарқын өмірінің кепілі.
Көп жағдайда үйдегі ұрысты елемей жатамыз. Бірақ ата-ана арасындағы үздіксіз жанжан, сезім мен сенімнің, сыйластық пен махаббаттың жойылуы бала көңіліне кері әсерін тигізеді. Болашақ өміріне, отбасы құруға деген қорқынышын ұлғайтады.
Табиғат немесе тәрбие?
Алайда, отбасылық ұрыс-керіс әр балаға әртүрлі әсер етеді.
Мәселен, ажырасу немесе ата-ананың бөлек тұру туралы шешімі балалардың көпшілігіне әсіресе зиянды әсер етеді деп әрқашан сенген болса.
Қазір психологтар кейбір жағдайларда балаларға ажырасқанға дейін, ажырасу кезінде және одан кейін ата-аналар арасында болатын жанжалдар зиян тигізеді деп санайды. Яғни, олардың тікелей ажырасуы емес.
Сондай-ақ, баланың жанжалға қалай жауап беруінде тұқым қуалаушылық шешуші рөл атқарады деп пайымдаған.
Балалардың психикалық денсаулығына қатысты табиғи фактор маңызды екені рас. Тұқым қуалаушылық мазасыздық, депрессия және психоз сияқты реакциялардың пайда болуында маңызды рөл атқарады.
Дегенмен, үйдегі ауа-рай мен тәрбиенің де маңызы зор.
Бала үшін ұрыс
Бұл ата-ана үшін нені білдіреді?
Біріншіден, ата-ананың бір-бірін түсінбей дауласуы, ортақ шешімге келе алмай ұрысуы қалыпты жағдай екенін түсінген жөн.
Бірақ, әрбір жағымсыз атмосфераның жиі қайталануы, күн санап жанжалдан арылмаудың балаға тигізер әсері мүлдем жағымсыз екендігі жайлы ұмытпаған жөн.
Ал тіптен жанжал ішіне баланы араластырмауды ойлаған жөн, себебі бұл жағдайда бала көңілінің мүлдем суып, өзін ешкімге керексіз сезінуі әбден мүмкін. Бұл жағдайда кешірім сөзінің көмектеспеуі ғажап болмас.
Теріс әсер нәрестелерде ұйқысыздық, мазасыздық пен психикалық дамудың шегерілуі арқылы байқалса, бастауыш сынып оқушыларында орынсыз депрессия, оқудағы қиындықтар, мінез-құлық проблемалары байқалып, жасөспірімдерде тіптен өздеріне қол жұмсау жайында ой туындап жатады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың балаға тигізер әсері бұрыннан белгілі, бірақ қазіргі ғалымдар балаға зиян келтіру үшін агрессия мен ашуланудың қажеті жоқ деген пікірге келді.
Балалардың мінезі мен әлеуметтік дамуы ата-аналар өздерін жасырып, бір-біріне аз жылулық танытқан кезде де зардап шегеді.
Бірақ бұл бәрі емес.
Ата-аналар арасындағы нашар қарым-қатынас балаларға ғана әсер етпейді. Зерттеулер дәлелдегендей әрбір жағымсыз іс ұрпақтан ұрпаққа таралуы мүмкін.
Егер біз өзіміз бен балаларымыздың қалыпты, бақытты және гармонияда өмір сүруін қаласақ бұл жағымсыз ұрыс циклын тоқтату керек дейді ғалымдар.
Шын мәнінде, ата-ананың жанжалды қауіпсіз шешуі бала үшін маңызды сабақ болып табылады. Бұл оларға өз эмоциялары мен қарым-қатынасын отбасынан тыс жерде жақсы басқаруға үйретеді.
Ата-ана арасындағы қарым қатынастың маңызын білу – бақытты отбасының кепілі.
Бақыт Нұрай Бауржанқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі