15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күні ретінде мереке болып аталып келеді. Бұл күнді атап өту туралы бастама 1999 жылы көтерілген болатын. Аталған мереке ХIV-XV ғасырлардағы Қозы Көрпеш – Баян сұлу махаббатарының символы ретінде аталып өтіледі.
Оқуға кеңес береміз:
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры
Мұхтар Әуезов: Қозы Көрпеш - Баян сұлу
Ел поэмалары. Қозы Көрпеш – Баян
Жыл сайын бұл мереке 15 сәуір күні аталып өтеді. Мәңгілік махаббат символына айналған Қозы мен Баян күнін алғаш 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған еді. Ол жастар ұйымдары, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттық ғашықтар күнін мерекелеуге шақырды. Дархан Мыңбайдың бастамасы көптің көңілінен шыққаны рас, бірақ мерекенің нақты датасы көпке дейін белгіленбей, әр өңір әртүрлі тойлай бастады. Мәселен, Таразда 15 сәуір — Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні, Семейде 11 наурыз – Баян күні, ал Қызылордада 19 мамыр – Қозы күні аталсын деп жан-жаққа тартты.
2011 жылы Алматы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді – Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің ресми шараларының қатарына қосты. Ал 2012 жылы елордадағы Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері махаббат күнін қазақтың ұлттық "Ақсүйек "ойынымен жаңғыртып, жастар ойын-сауығын ұйымдастырды. Дәл сол жылы Көкшетаудың ерікті жастары да Қозы мен Баян күнін Тәуелсіздік алаңында атап өтті. Содан бері қос ғашықтың кіршіксіз сезімін дәріптеп, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге негізделген мерекені тойлайтын жастардың саны біртіндеп артып келеді.
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу жыры Қозы Көрпеш — Баян Сұлу эпосы – халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы. Бір-біріне қосыла алмаған қос ғашықтың қайғылы махаббатын жырлайды. Лиро-эпостық жыр XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасы тұсында қағазға түсірілді. Қозы мен Баян эпосы Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындар арқылы ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жетті.
Бүгінде 20-ға жуық нұсқаның ішінен ең белгілісі – Жанақтың нұсқасы. Махаббат жыры Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп, бел құда болуынан басталады. Екі әке серттесіп, Қозы мен Баянды қоспақ болады. Бірақ, аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай баласын көре алмай қаза болады. Уақыт өте, дүниеқоңыз Қарабай "қызымды жетім ұлға бермеймін" деп, бір кездері отарын жұттан құтқарған Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың қосылуын қаламаған Қодар айласын асырып, Қозыны өлтіреді. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян Сұлу өш алу үшін қулыққа басады. Ол Қодарға құдықтан су алып берсе, оған күйеуге шығатынын айтады. Қыздың сөзіне сенген Қодар оның бұрымынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, Баян бұрымын кесіп тастайды. Осылайша, Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап өледі. Содан кейін Баян ғашығы жатқан күмбезге келіп, өз-өзіне қол жұмсайды. Белгілі жазушы, драматург Ғабит Мүсіреповтің осы аттас пьесасы бар. Шығарма 1939 жылы сәуір айында жазылып біткен. Баян Сұлу – Қозы Көрпеш трагедиясы алғаш рет 1940 жылдың 29 сәуірінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанды. Ал 1992 жылы Асанәлі Әшімов түсірген "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" кинокартинасы көрермендерге жол тартты. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу кесенесі бар. Былтыр қаңтар айында мазар "Қазақстанның киелі жерлері" тізіміне енді.
Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын деген ниетпен ғашықтар күніне орай мынадай құттықтау-тілектер топтамасын ұсынамыз.
Ғашықтар күні құтты болсын, аяулым! «Махаббат – дүниедегі барлық күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ-бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ» дейді Нұршайықов. Біз жеңіске бірге жетейік! Махаббат әрқашан аласармасын!
***
Шын сүйесiң бе? Онда сендердiң бірге қанша уақыт өткiзгендерiң маңызды емес, ол бәрiбiр саған аз боп көрiнедi. Таусылмайтын уақыттың өзеніне құяр сезім бұлағымыз да таусылмасын!
***
Махаббат пен сана бірін-бірі тыңдамайды, әрқайсысы тек өз дегенім ғана болсын дейді. Сіздерге санасы биік абзал жандардың махаббаты бұйырсын!
***
Сүйіктім, бұл – біздің мерекеміз! Бұл – ғашықтардың мерекесі! Бірақ біздің әр күніміз дәл осындай мереке! Жаным, ғашықтар мерекесі құтты болсын! Сені мәңгі сүйемін!
***
«Өмірдегі мақсатымыз ағыспен ағу емес, жағаны табу...» деген ғой. Менің махаббат жағалауым – өзіңсің! Өмір мені адастырмай, алаңдатпай өзіңді мәңгі сүюге, аялауға мүмкіндік берсін!
***
Сүйіктім, бүгін тек екеумізге ғана тәуелді мереке секілді сезіледі маған. Алайда өзіңнің қасыңда жүрген әр күнім – мен үшін мереке. Ғашықтар күні құтты болсын. Сені мәңгі сүйетініме куә болар мәңгілік ештеңе жоқ. Тек, қашан қара жерге енгенше қасыңда болсам екен. Сүйем сені!
***
Ғашықтар күні құтты болсын. Білесің бе? Менің кеудемдегі махаббат қанша тереңдеген сайын, сенің тұлғаң көңілімде соншама биіктей берді. Махаббатымызға адалдық пен биіктікті нәсіп етсін! Бір-бірімізге деген ғашықтығымызды мәңгілік, сүйіспеншілігімізді шексіз еткей!
***
Саған хат жазып құттықтайтын осынау бір күннің болғаны – мен үшін шексіз қуаныш. Мен бұл күні ешқашан айта алмаған сөзімді, жүрегімнің лүпілін айтуға міндеттімін. Өйткені, бұл – менің мерекем. «Өзіңе шын жүректен ғашықпын!». (Әр таң атқан сайын саған амандық тілейтін, сағынатын, аңсайтын жаннан сәлем).
***
Ғашықтар күні құтты болсын, аяулым! Маған табиғат ана әлемдегі ең сұлу, ең сүйкімді аруды сыйлағаны үшін қалай алғыс айтарымды білмеймін. Бірақ, саған ең терең сүйіспеншілікті, ең кіршіксіз махаббатымды арнай аламын. Менің қолымнан осыдан өзге дүние келер ме екен?! Өзіңді шексіз сүйемін!
***
Өзіңе дәл қай күннен бастап ғашық болғанымды білмеймін. Әйтеуір жүрегіме бірте-бірте ендің де, мызғымастай боп орын алдың. Сол үшін де саған жүрегімді ұсынған сәтімді әлі күнге білмеймін. Міне, енді жақсы болды. Ғашықтар күні! Жүрегіме мәңгілік махаббаттың ескерткішін орнатқан күн ретінде қабылдаймын. Мен әр жылы осы күнді өзіңмен бірге тойлағым келеді. Мерекеміз құтты болсын, сүйіктім.
Назар аудар:
Адамға адалдық пен махаббаттың үлгісін көрсететін 7 жануар
Ғашығыма арналған құттықтау, тілектер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі