Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Әуезов - өмір жолы

Мұхтар Әуезов - әлем әдебиеті мойындаған дара тұлға. Мұхтар 1897 жылы 28 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келді. Қазақтың ұлы жазушысы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, Қазақ КСРО ның еңбек сіңірген қайраткері. 11 жасында әкесі Омархан қайтыс болып, ағасы Қасымбектің тәрбиесінде болды. Бала күнінен атасы Әуездің ықпалымен Абай шығармасымен сауат ашады. Әуез есікше сауаты бар, араб, парсы тілдерін меңгерген. Атасы жастайынан әдебиетке қызығушылығын арттырып, арабша хат тануды үйретеді. 1910 жылы ағасы Семейдегі 5 жылдық қалалық орыс-қазақ училищесіне оқуға түсіреді, соңғы сынып оқып жүріп, Мұхтар "Дауыл" атты шығармасын жазады. 1915 жылы училищені аяқтап, мұғалімдер семинариясында 4 жыл оқиды, оны 1919 жылы бітіреді. 1917 жылы тұңғыш күрделі шығармасы "Еңілік-Кебек" драмасын жазды. Осы жылы алғашқы мақалаларының бірі "Қазақтың өзгеше мінездері" мақаласы "Алаш" гәзетіне басылды. 1918 жылы Әуезов 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. 1919 жылы Семей губревкомның жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және "Қазақ тілі" гәзетінің ресми шығарушысы болып тағайындалды. 1921 жылы алғашқы әңгімесі - "Қорғансыздың күні " жарияланды. 1922 жылы "Шолпан" және "Сана" журналдарына жұмысқа орналасады. Осы журналдарда "Қыр суреттері" , "Қыр әңгімелері" , "Үйлену", "Оқыған азамат", "Кім кінәлі", "Заман еркесі" әңгімелері жарияланды. 1924-1925 жылдары Семей қаласындағы мұғалімдер техникумында оқытушы болып жұмыс істеп жүріп "Таң" журналын шығарады. 1930 жылы 16 қыркүйекте Алаш қозғалысының қайраткерлерімен тұтқындалып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға бас бостандығынан айырылды. Әуезов маусым айында ақталып түрмеден босап шықты. 1942-1956 жылдары "Абай жолы" роман-эпопеясын жазды. 1942 жылы 1-кітап, 1947 жылы 2-кітап , 1947-1956 жылдары 3- кітап, 1956 жылы 4-кітабын жазды. Романның оқиғасы жарты ғасырды қамтиды. Әлемнің 30  шақты тіліне аударылды. 1956 жылы "Абай жолы" роман-эпопеясы үшін Лениндік сыйлық берілді. 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды.

Шығармашылығы: 

Қазақ әдебиетінде драмалық шығармалардың классикалық үлгілерін тудырды. Оның көбі - трагедия. "Драматургия - қазақ әдебиетіндегі негізінен Әуезов тудырған жанр" - С. Мұқанов. Алғашқы қазақ театр өнерінің шымылдылығын Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында, киіз үйде ашқан М. Әуезов қаламынан 30 дан аса драмалық шығармалар туды.  

Пьесалары:

"Еңілік-Кебек" (1922, Орынбор), "Қарагөз" (1926), "Октябрь үшін" (1933), "Айман-Шолпан" (1934, 1956), "Қарақыпшақ Қобланды", "Бекет", "Түнгі сарын"(1934), "Шекарада"(1938), "Абай" (1939), "Алма бағында"(1937, студент тұрмысын суреттейд), "Бәйбіше - тоқал" (ескы ауылдағы келісімге келмес күндестік кесапаты байқалатын шығарма ).  

Повестеры: "Қараш-Қараш оқиғасы"(1927), "Қиялы заман "(1928 ) т. б   

Аудармалары: Шекспир "Отелло", "Асауға тұсау", Голол "Ревизор". Погодин "Ақсүйектер",  Тренов"Любов Яровая", Тургенов Дворян ұясы".

Мұхтар Әуезов қазақ қоғамына көп еңбегі сіңген қоғам қайраткері, өзінен кейінгі ұрпаққа өшпес ерекше із қалдырған ерекше тұлға. Мұхтар атамызды өте қатты құрмет тұтамыз. Республика үкіметінің қаулысымен Қазақ КСР ға Әдебиет және өнер инстутына, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Омарханұлы Әуезов есімі берілді. Алматы қаласының бір ауданы, көптеген мектептер, көшелер қаламгер есімімен аталды. Шымкент қаласында  жоғарғы оқу орны Мұхтар Әуезов атымен аталды. Туғанына 100 толуына орай мерекесі ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде атап өтілді. 2022 жылы 125 жылдығы атап өтілді.

Алдан Ақбота


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз