Араб тілінен енген ﺭﺣﻣﺔ(рахмет) сөзі қазіргі кезде түрліше таңбаланып жүр: Р.Сыздық «Қазақ тілінің анықтағышында» (Астана, 2000) рахмет түрінде берілсе, 2013 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» рақмет түрінде таңбаланған. Қазақ тілінде дыбыстардың тіркесімділігін белгілі бір заңдылыққа бағынады. Осы тұрғыдан алғанда, қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайды. Сол себепті Ахмет Байтұрсынұлы мақалаларының соңында атын Ахмет не Ақымет (Емле туралы // Еңбекші қазақ. 1929, 27 март; «Қазақстан» мен «Қазағыстан» туралы //Еңбекші қазақ. 1925, 19 май; Жоқшыға дерек //«Еңбекші қазақ».1925. 14 декабрь; Сәбитке жауап // Еңбекші қазақ. 1928, 26 январь т.с.с.) түрінде көрсеткен. Сол кезеңде басқа қайраткерлер де осылайша таңбалаған: Ақымет ұлы Ілиас Термин туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 7 июнь; Ілиас Ақымет ұлы Латын қарпі туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 18 апрель. №81 (518); Жанақымет (Ақпанбетов) Латын әрпі жайында //Еңбекші қазақ. 1927, 26 ақпан. Яғни қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайтынын ескеріп, арасына дәнекер ы дыбысын қосып жазған не Ахмет түрінде таңбалаған. Сондықтан «Қазақ тілінің анықтағышындағы» академик Р.Сыздықова көрсеткендей, Ахмет түрінде берілгені дұрыс. Ал «х – кірме әріп, фонемалық статусы жоқ» деген ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, А.Байтұрсынұлының үлгісімен арасына ы дыбысын қосып жазу керек деп есептейміз. Сонымен дұрысы рахмет не рақымет. Рақмет сөзі қате!
Бүгін назарға "рахмет" сөзінің бірнеше тілдегі аудармасын ұсынамыз. Өйткені, алғыс айта білу адамдарды байланыстырып, бір-біріне жақын ете түседі.
Әзірбайжан тілі – çox sag olun
Албан тілі – Faleminderit
Ағылшын – Thank you
Араб тілі – Shoukran
Армян тілі – Shnorhakalutjun
Беларусь тілі – Дзякую
Болгар тілі – Благодаря
Венгер тілі – Köszönöm (Кёсёнём)
Вьетнам тілі – Cám ơo’n
Голланд тілі – Dank u wel / dank je wel
Грек тілі – Evkaristo
Грузин тілі – Mahd-lobt
Дат тілі – Tak
Индонезия тілі – Terima kasih
Исландия тілі – Takk
Испан тілі – Gracias
Итальян тілі – Grazie
Қытай тілі – Xie-xie
Кәріс тілі – Kamsu hamnida
Латыш тілі – Paldies
Литван тілі – Ačiū
Неміс тілі – Danke schön
Норвег тілі – Tak
Осетин тілі – Бузныг
Поляк тілі – Dziekuje bardzo
Португал тілі – Obrigado (ер адамға), obrigada (әйел адамға)
Румын тілі – Mulţumesc
Серб тілі – Хвала
Тай тілі – Kabkoon krup
Татар тілі – Rekhmet
Турік тілі – Teşekkür ederim / Sagolun
Өзбек тілі – Rahmat
Украин тілі – Дякую
Фин тілі – Kiitos
Француз тілі – Merci
Хинди – Dhanyavad
Хорват тілі – Hvala
Чех тілі – Dekuju
Швед тілі – Tack
Эстон тілі – Tänan
Жапон тілі – Arigato
Орыс тілі – Спасибо
Қырғыз тілі – Рахмат
Алғыс айту күніне арналған құттықтау тілектер
Алғыс айту күні: ең ізгі тілектер топтамасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Омар Ж
Қазақстан да қате, қазағыстан болу керек, солай граматикалық тұрғыдан дұрыс
Дариға Н
Кейбір сауатсыздар рақым және ет деген екі сөзден құралған деп қояды) Араптың сөзі екенін қайдан білсін сауатсыздар)
Жанайым
Рахмет!