Өлең, жыр, ақындар

Алғыс айту күніне арналған құттықтау тілектер

Алғыс айту күні. Бұл елдегі тыныштық пен ынтымақтың, қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласын білдіреді. Өйткені Қазақстан жерінде түрлі этнос өкілдері аралас-құралас, тату өмір сүріп келеді. Бұл күн –түрлі этнос қана емес, әр қазақстандықтың бір-бріне деген құрметін, сыйластығын білдіретін күн.

Алғыс білдірудің маңызы өте зор. Қазақта  «Қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз бар. Біреудің шынайы алғысына бөлену адамға үлкен рухани әсер береді. Алғыс білдіру адамдар арасындағы өзара құрметті көрсетеді. «Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың» деп аталарымыз ұрпағына үнемі алғыс алуды өсиет еткен. «Алғыс алған арымас, Қарғыс алған жарымас», - деген дана бабаларымыз.

Алғыс айтудың маңыздылығы орасан зор. Алғыс айта білу адамның өз мәдениеттілігін, қарым қатынас мәдениетінің жоғарылығын білдіреді.

Алғыс айту күніне арналған құттықтау тілектер

Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.

Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Сол жанға айтам мың алғыс!
Сезімі үшін жылытқан.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.

Қазаққа дархан рахмет!
Салт-санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
Жарыма айтам мың алғыс!
Сыйлаған ұл-қыз, түсінген.
Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.

Анама алғыс!

Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған еңбектегенде.

Әкеме алғыс!

Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.
Өмірімде бөрідей болуға баулып
Қойынына басатын бөлтірігіндей.
Бақытым болар жырымды жария етсем
Әуелеген әкемнің еркін үніндей.

Ағаға алғыс!

Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің.
Бір бәлеге тап болса құрсақтастарым
Қапсырмалап,қысатын жанымды демім.
Бауырларым болмаса тірегім болған
Осыншама айбатты,арынды ма едім?!

Әпкеге алғыс!

Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.
Анамыздан айнымай туылғаннан ақ
Иесіне айналған әдемі үміттің.
Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі
Белгісі болып жаралған әдеміліктің.

Ініге алғыс!

Жалғасы болып өмірдің тұратын күліп.
Деп жүреді:”Ардақтап көтеремін мен
Атамыздың аманат,мұратын биік”
Қиындыққа кезіксе соққы болатын
Менің жаным ол үшін тынатын күйіп.

Ұстазға алғыс!

Бағым жанып,батылмен бел асқаныма.
Төзіндіріп өмірдің талаптарына
Ниеттеген арманның ең асқағына.
Арқасында ұстаздың даналар баққан
Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма.

Сүйгенге алғыс!

“Үйленуге біздерге ерте” деп маған
Айтып жүреді,керемет күндер тілейді
Шығыс жақтан ңұрланса ертелеп далам.
Көздерінде бар әлем әрленіп қалып
Күлімсіреп тұрады еркелеп маған.

Досыма алғыс!

Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.
Ең бақытты ер болып жүретін едім
Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.
Көтеретін еңсемді егіліп,талсам
Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.

Еліме алғыс!

Балаң едім батаңмен жанатын бағы.
Нәтижесі тілектің өзіңнен туған
Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.
Қол жеткізіп еліме тарту етемін
Биіктікті қыранның қанатындағы.

Өмірге алғыс!

Өнегеңді түсіндім бар күшімменен.
Айналайын,тағдырым, қасиетіңнен
Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен.
Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың
Ей,өмірім,алғысқа- алғысыңменен!!

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Алғыс айту күні: ең ізгі тілектер топтамасы

Алғыс айту, рахмет айту, ризашылық білдіру

Рақмет, алғашқы ұстаз!

Анаға тілек құттықтау

Ұстазға тілек

Алғыс сөздер

Құттықау мен тілектер жинағы

Анаға тілек құттықтау

Ата-анаға ақ тілек


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз