
Бастай бақ, шаштай дәулет берсін!
Тарыдай тасып, бидайдай бөк!
Қаздай қалқы, қудай жүз!
Қаймағы бұзылмасын!
Қабыл болсын!
Тілегіңді берсін!
Шаңырағың биік болсын!
Өзегің талмасын!
Өмірің ұзақ болсын!
Несібелі бол!
Той тойға ұлассын!
Жаныңа жамандық бермесін!
Қоныс жайлы болсын!
Көңіліңді кір шалмасын!
Күлкіден айырмасын!
Адалынан берсін!
Көш-көлікті болсын!
Ауызбіршілік болсын!
Торқалы той болсын!
Алла абырой берсін!
Талабың өссін!
Сапарың сәтті болсын!
Ел-жұрт аман болсын!
Құдай сәтін салсын!
Ақ мол болсын!
Мұратыңа жет!
Ғұмырлы-бақытты бол!
Қыдыр ата жолдасың болсын!
Аспаның ашық болсын!
Ниетің қабыл болсын!
Көсегең көгерсін!
Нұр жаусын!
Бақытты бол!
Иманды бол!
Мың болғыр Құтты болсын!
Қайырлы қадам болсын!
Жұлдызың жансын!
Талабыңа нұр жаусын!
Өнерің өрге жүзгей!
Бауы берік болсын!
Мың жаса!
Ұзағынан сүйіндірсін!
Бармақтай бақ, шаш-етектен дәулет берсін!
Айың оңыңнан, күнің солыңнан тусын!
От басы, ошақ қасы аман болсын!
Дастарқаныңа береке берсін!
Алладан рақым болсын!
Көйлегің көк, көңілің тоқ болсын!
Қоныс құтты болсын!
Мерейің үстем болсын!
Құдай күлкіден айырмасын!
Үбірлі-шүбірлі бол!
Қыдыр ата жолдасың болсын!
Алғыс айту күніне арналған құттықтау тілектер
Алғыс айту күні: ең ізгі тілектер топтамасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Болат
Рахмет!
Талғат
"Алғыс сөздер" – қазақтың бата, тілек, құттықтау сөздерінің нағыз қазынасы! «Тарыдай тасып, бидайдай бөк!», «Қаймағы бұзылмасын!», «Тілегіңді берсін!», «Мың жаса!», «Ауызбіршілік болсын!», «Құдай күлкіден айырмасын!» деген сияқты жүздеген әдемі сөздер жинақталған. Туған күн, той, жаңа қоныс, жетістік үшін ризашылық білдіруге, бата беруге өте қолайлы. Қазақ дәстүрі, алғыс сөздер, құттықтау тілектері, бата сөздері іздегендерге осы бетті ұсынамын! Аыл мұраларды жинап бергендеріңіз үшін алғыс.