Табиғат, шіркін бізді таңқадырудан жалықпайды. Жаратушы Иеміздің табиғатты шебер жаратқаны соншалық, адам ақылы сыймайтын көріністерге тоя алмаймыз. Тау - тас, ну орман, өзен - көл бәрі - бәрі адам үшін ерекше әсер беретін табиғаттың мызғымас бөлшегі. Әлемнің әр бұрышында сан - алуан ғажайып табиғат “галереясы” тұнып жатыр. Ендеше, сол “ суреттердің” бірін тамашалап көрелік.
Колумбия елінің аймағында орналасқан Каньон Кристаллес деп аталатын ғажайып өзен бар. Өзен өзінің жергілікті тұрғындарымен “ Бес түстің өзені” аталады. Ол - әлемдегі ең сұлу өзендердің бірі әрі бірегейі. Өзен Макарена тауының оңтүстігінен бастау алып, Колумбия елінен асып, Гуайаберо өзеніне келіп құяды. Тамсандырар әсем өзен бес түрлі түске боялады. Қызыл, жасыл, қара,күлгін, сары түстердің үйлесімі ғажап өзенді нұрландырады. Каньо Кристалестің бекерден “ Бес түстің өзені” деген атқа ие болмады. Бір қызығы, әр маусым сайын өзеннің түстері ауысып, ерекше қасиетке ойысады. Оған себеп - су астында тіршілік ететін балдырлардың тіршілік формасы. Өзеннің ұзындығы - 100 шақырым, ені - 20 метрді құрайды. Мөлдір өзеннің құрамына шапшаң сарқырамалар, көрікті құздар, түрлі пішіндегі ойпаттар кіреді. Туристер бұл өзенді тамашалауға ағылып келеді. Әлбетте, мынадай таңдай қақтырар сұлулықты кімнің көзайым болғысы келмейді ау сірә?!
Садық Медина
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Ескен Елубаев
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі