» Теңізде мекендейтін көбісі көзге көріне бермейтін өсімдіктер мен жәндіктерге планктон делінеді. Өсімдікті планктондар дүние жүзіндегі ормандардан да артық оттегін береді.
» Киттер баласын сүтпен қоректендіріп, құрлықтағы жануарлар сияқты өкпесімен тыныс алады.
» Құрлықтағы ең үлкен жануар – піл.
» Киттер балыққа жатпайтын теңіздегі сүтқоректі жануарлар.
» Планктондарсыз теңізде тіршілік жоқ. Себебі, көптеген балықтар және өзге де теңіз жәндіктері планктондармен қоректенеді. Планктондарсыз құрлықта да тіршілік жоқ.
» Барлық құрттар 32 бөліктен тұрады.
» Екі қанатты шаяндардың түрлері бар және сол қанаттарымен олар ұша алады.
» Аққұтандардың (жапон тырнасы) жұмыртқасын суға қалай лақтырса, су түбіне алақанмен қойғандай түседі.
» Адамдардың миының 90 % судан турады
» Қарақұйрықтар су қажеттілігін өсімдіктерден алғандықтан, сусыз өмір сүре алады.
» Орикс (бөкен) және кесірткелер сусыз өмір сүре алады.
» Мидағы жүйке тамырларының 40 % протейннен, 51-54 % майдан тұрады.
» Мидың зат алмасу процосіне тек қана көмірсулар (глюкоза) қатысады.
» Адам миында шамамен 90-100 миллиардтай жасуша бар.
» Биттер өмір сүру барысында 200-300 жұмыртқа қалдырады.
» Үлкен биттер тістеген сайын 0,008 гр қан сорады.
» Адамдардың денесіндегі биттер алты аяқты болады.
» Көк киттер күніне шамамен 40 миллион планктондармен қоректенеді.
» Көк киттер басының төбесіндегі тесіктері арқылы 100 тонна су жұта алады және осы суды сүзгіш ретінде қолданады.
» Көк киттер екпінмен секірген соң 3 сағаттай қимылдамай, су бетінде қалқып жүзе алады.
» Көк киттердің тістерінің орнында шеміршектер болады.
» Кішкентай акулалардың 3000-ға жуық тістері бар.
» Планктон балығы алты мемлекетте ең қымбат балық ретінде сатылады.
» Планктондар бір жұмыртқалағанда 10000 жұмыртқа салады.
» Арыстан қалай орман патшасы болса, мұхиттардың да патшасы акулалар.
» Мұхит кесірткесі (игуана) су астында дем алмастан жарты сағат тұра алады.
» Көкторғай (щурка) минутына 60-70 рет қанат қағады.
» Қолтырауын су астында дем алмастан 4-5 сағат тұра алады.
» Қолтырауындар күнге шыққанда рахаттану үшін ауыздарын ашады.
» Акулалар жейтін қоректілерінің қозғалысын 100 м қашықтықтан сезеді.
» Арқан балықтар (лосось) көбеюлері үшін 100 км қашықтыққа кетеді.
» Құстардың ішіндегі ең үлкен жұмыртқа – түйе құс жұмыртқасы. Салмағы 1,5 кг.
» Біздің дәуірімізден 700 жыл бұрын жоғалып кеткен піл құстарының жұмыртқасы шамамен 12 кг болған.
» Күлу үшін 17, қабақ шыту үшін 42 бұлшық етті қозғалту керек.
» Шикі жұмыртқаны қолымызбен айналдырып, тоқтатқанда іші айналады.
» Дүние жүзіндегі ең үлкен гүл Индонезияның жаңбырлы ормандарында өсетін Раффлезия гүлі. Гүлдің диаметрі 60 см.
» Кейбір өсімдіктер ет жейді. Шықшөп өсімдігі жапырақтарына қонған шыбын-шіркейлермен қоректенеді.
» Әлемдегі ең ұзын ағаш АҚШ-тың Калифорния штатында өсетін мәңгі жасыл ағаш – секвойя. Бұл ағаш шамамен 2000 жыл жасайды, салмағы 500 тонна.
» Мәңгі жасыл ағаштарының тағы бір түрі, биіктігі 90-95 м-ге дейін өсетін секвойядендрон (мамонт ағашы) 3000 жылдан артық жасайды. Бұл ағаштардың ең үлкен биіктігі 112 м.
» Әлемдегі ең кәрі ағаш АҚШ-тың Калифорния штатындағы қара қарағай ағашы 4600 жаста.
» Ағаштардың өскен сайын діңдері де кеңейе береді. Яғни жыл сайын сақина қосылып тұрады. Осы сақиналарының санымен ағаштың жасын білуге болады.
» Жөке (липа) ағашының отыны ең жеңіл отындардың бірі болғандықтан ұшақ моделдері сияқты жеңіл заттарға жөке ағаштарын пайдаланылады.
» Талшын (буктың бір түрі) ағашының тақтайлары шамамен 500 жылға төзімді болып келеді. Қаратеңіз аймағының тарихи үйлері осы ағаштан жасалынған.
» Әлемнің жеті кереметінің бірі болған Бабылдың аспалы бағы заманына сай өте жақсы суландыру әдісімен осындай халге жеткен.
» Қар жапалақтары алтыбұрышты болып келеді. Әр жауғанда түскен миллиардтаған қар жапалақтары бір-бірлеріне ұқсамайды.
» Бүгінге дейін белгілі болған ең үлкен бұршақ диаметрі 19 см. Бұл шамамен футбол добының көлеміндей болады.
» Аспанның көгілдір түсті болуы атмосферадан, яғни атмосферадағы тұздардың және су тамшыларының көгілдір түсті өте көп шағылыстыруы нәтижесінде аспан көгілдір түске боялып тұрады. Космоста Күн сәулесін түстерге ажыратып, осылардан біреуін шағылыстыратын материя болмағандықтан космос қара түске боялып қараңғы болып тұрады. Егер де Айда өмір сүргенімізде, аспаннан қара түс көретін едік.
» Ең көп жауын жауатын жер – Гавайи аралындағы тау. Бұл жерде жылына 350 күн жаңбыр жауады.
» Ең аз жауын жауатын жер – Оңтүстік Америка мемлекеті Чилидің Атакама Шөліндегі бір өлке. Бұл жерге 1971 жылы жауған жаңбырдан бұрын 400 жыл бойы жаңбыр жаумаған.
» Жібек саудасы үшін Еуропадан Қытайға қатынайтын керуендердің жүздеген жылдар бойы қатынап келе жатқан жолы – Ұлы Жібек жолы.
» Аралардың тапқан гүлдерінің жерін өзге де жұмысшы аралар ара биі деп аталатын іс-әрекет арқылы гүлдің қашықтығын және бағытын түсіндіріп береді екен.
» Дүние жүзіндегі ең қатты жел 1999 жылы АҚШ-тың Оклахома штатында сағатына 509 км жылдамдықпен соққан.
» Адам күніне көзін орта шамамен 100000 рет ашып-жұмады.
» Үшінші мың жылда (XXX ғасыр) 365,242 күнге созылады.
» Кенгурулар артқа қарай жүре алмайды.
» Ірі теңіз шаяндарының қаны көк болады.
» Масалардың 47 дана тісі бар.
» Жирафтардың тілдері 35 см ұзындықта қара түсті болады.
» Ұлулардың шамамен 25 мыңға жуық тістері бар.
» Қолтырауындар суға терең батуы үшін тас жұтады.
» Ауырмайтын жалғыз жануар – акула.
» Пингвиндер жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс.
» Адамдардың өліміне ең көп себеп болатын жануар – маса.
» Шыбынның жылдамдығы 8 км/сағ.
» Аттар бір айға дейін тұрып тұра алады.
» Ірі дельфин күніне 2 тонна азық жейді.
» Құмырсқа өзінен 50 есе ауыр затты көтере алады.
» Бүрге өзінен 150 есе үлкен биіктікке секіре алады.
» Жақсылап күтілген, ерте жаста залалсыздандырылған қоян 8-12 жыл жасайды.
» Соңғы төрт мың жылдың ішінде еш бір жануар қолға үйретілмеді.
» Пілдердің тұмсығы 7 литр суды ұстай алады.
» Құмырсқалар ұяларын қысқыш тәрізді тістерімен қазады.
» Құмырсқалардың ұясы шамамен 4-5 қабаттан тұрады.
» Құмырсқалар қоректенетін, күтінетін, азық сақтайтын бөлмелерін және әр түрлі сыртқы әсерлерден қорғайтын тұзақтарын дайындайды.
» Жер шарындағы ең ірі және өте жылдам өсетін көк киттердің ұзындығы 31 м, салмағы 200 т.
» Көк киттің балалары 2-3 жылда ересек киттердің бойына жетеді.
» Дүние жүзіндегі ең жылдам жануар – қабылан (гепард). Жылдамдығы 112 км/сағ-қа дейін жетеді.
» Дүние жүзіндегі ең жылдам ұшатын құс – сұр қарлығаш.
» Сұр қарлығаштың ұша бастаған сәтінен үш секундтың ішіндегі жылдамдығы 128км/сағ-қа жетеді.
» Акулалардың қаңқалары шеміршектен тұрады.
» Пілдердің денесі 7 м, салмағы 6-7 т.
» Егеуқұйрықтар 5-ші қабаттан құласа да, ешқандай жапа шекпейді.
» Пілдің тұмсығы шамамен 40 мың-ға жуық бұлшық еттен тұрады.
» Пілдер суды тұмсығымен ішпейді, тек қана тұмсығымен тартып, аузына шашыратады.
» Егеуқұйрықтар ағысқа қарсы 1 км-ге дейін жүзе алады.
» Жұп тышқан жылына бес жүз, үш жылда 20 миллионға көбейе алады.
» Пілдер 70-80 жыл жасайды.
» Егеуқұйрықтар Австриядан басқа барлық жерде тіршілік етеді.
» Тышқандар 1-2 жыл өмір сүреді және 500-ден аса түрлері бар.
» Иттер сағатына 50 км жылдамдықпен жүгіреді.
» Күніне 1 метрге өсетін шырмауықтар бар.
» Әлемдегі ең ұзын ағаш 127 метр биіктікте.
» Бір бактерия 1 секундта өзінің айналасында 100 рет айнала алады.
» Күшігендер 4 км ұзақтағы киіктің өлі немесе ұйықтап жатқанын анықтай алады.
» Масалардың еркегі өсімдіктердің суымен, ұрғашылары қанмен қоректенеді.
» Бір қылыш балығының жылдамдығы 109 км/сағ жете алады.
» Қытай қорғанының ұзындығы 10000 км-ге, кей жерлерінде қабырғаны ені 10 метрге дейін жетеді.
» Сибирияның кей жерлерінде жылдық температура айырмашылығы 910С.
» Стамбулдағы қоқысқа тасталған нандармен бүкіл Норвегияны тойдыруға болады.
» Баспахананың шығуынан бастап ІІ- дүние жүзілік соғысына дейінгі басылған жазулардан көбі қазір бір күнде басылып шығуда.
» Бір тілім нанның қуаты бір миль жүгіруге жетеді.
» Осман сұлтандарының және кейбір ғұламалардың басындағы сәлделері өздерінің кебіндерінен жасалынған. Олар жиі-жиі өлімді еске алып, соған қарай шешім қабылдаған. Сонымен қатар өлген кездерінде бастарындағы кебіндерімен жерленген.
» 0 санын мұсылмандар ойлап тапқан.
» Адам басында орташа 30 000 - 100 000 шаш бар. Күн сайын 100-ге жуық шаш түседі.
» Адам денесінде жеті жылда өлген жасушалардың орнына жаңасы пайда болып, толығымен жаңартылып отырады.
» Америка халқының 60 % дүние жүзінің картасынан өз мемлекеттерін таба алмаған.
» Футболшының допты басымен әр ұрған сайын миындағы 1000 жасуша өледі.
» Дүние жүзіне жыл сайын жауатын жаңбыр мөлшері тепе-тең мөлшерде болған.
» Ибн Сина көзге операция жасай білген.
» II- ғасырда Каирде 12 қабатты үйлер болған.
» Инквизиция (католик шіркеулерінің жазалау мекемесі) 300 жыл ішінде 34 мың адамның жағылып өлтірілуіне шешім қабылдаған.
Қызықты және пайдалы мәліметтердің ең ауқымды жинағы 1
Жануарлар туралы қызықты деректер
Адам денесіне қатысты қызықты деректер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі