Ертегі есептер
Бір қалыпты өмірден жалыққан қонжық, өзіне жаңа күн тәртібін енгізді. Ол күніге 2 сағат жүзуге, 5 сағат қыдыруға, 3 сағат тамақтануға жұмсаймын деп шешті...! Сонда қонжық ұйқыға неше сағат бөлді? Қане балақандар! Ойланып көрейік...?!
Тышқандар енді ешкімнен қорықпай, еркін өмір сүруге шешім қабылдады! Ақылдаса келе қала сыртындағы қоқыс алаңқайына жақын жерден, көп қабатты тұрғын үй салуға шешім қабылданды. Бұл жерде рахат! Не бір желінбей қалған тамақ түрлері мен, жылы-жұмсақты оп-оңай таба аласың?! Тіпті құрылыс материалдары да дайын. Сонымен 100 тышқан 60 бөлме үй салуға кірісті. 15 бөлмеге жұп тышқандар бірге тұрамыз деп шешті...! Қанша тышқан жалғыз тұрады...?!
Қоян қыс түспей азық жинап алу үшін, 5 гектар жерге сәбіз екті. Күтіп-баптауы жақсы болғандықтан ол, гектарына 8 тоннадан сәбіз алды. Қоян 5 гектар жерден, қанша тонна сәбіз жинады? Сәбіздің килосы 130 тг болса, 5 гектардан неше сәбіз алады?
Кірпі ініне күніге 200 гр тамақ тасиды. Оның 150 гр сақтап, 50 гр жейді. Кірпі 90 күнде қысқа арнап қанша азық жинай алады? Ал, 80 күнде ше?!
Гүлмекен Қасенбай
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі