Өлең, жыр, ақындар

Дін мен салт-дәстүр сабақтастығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
дінтану мамандығының 4 курс студенті
Муталип Аяжан Серикболқызы
Жетекші оқытушы:Бишманов Какимжан

Асыл дініміздің салт-дәстүрімізге қарсы келер тұсы жоқ. Дәл сол секілді салт-дәстүріміздің дінімізден айналып өтер кезі жоқ. Жоғарыда айтылған сөдерімізді ашықтай түссек.  Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алар орны ерекше,ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін-адамдық қасиеттерімізді асқақтатса,салт-дәстүр ұлт болып қалыптасуымызға қажет дүние. Әр мемлекеттің қалыптасу жолында өздеріне тән ерекшеліктері болады. Мысалыға ата-бабаларымыздың осындай ұлан байтақ жерімізді сақтап қалу жолында қаншама ерлік көрсетуі, ерлік пен батырлық дәстүрін қалыптастырды. Ата-бабамыз тек батыр ғана болып қоймай білімді,дана болған. Мәселен ата-бабамыздан санамызға салт-дәстүр болып сіңіп кеткен жеті шелпек тарату қайдан шыққан? Дәстүрлі дінімізден алынған ба деп зеріттеп қарасақ, расымен де дінімізден алынғанына көзіміз жетеді. Дінімізде әруақтың атынан елге тамақ беріп, сауабын мархұмға бағыштау түсінігі бар. Қазан асып халықты қонаққа шақырмасада жеті шелпек пісіріп оны кедей-кепшікке, көрші-қолаңға тарату арқылы сауабын мархұмдарға бағыштап жатамыз. Демек біздің сал-дәстүріміз ойдан шыққан дүние емес дінімізден алынған екеніндігін аңғарсақ болады. 

Дәстүрді теріске шығарушылық ол адасушылық десек болады. Мұсылман шариғатында адамдардың еркіне қалдырған ерікті іс әрекеттер бар оны мубах деп атайды. Мысалыға тойларды мейрамдарды өткізу жолдары әр халықта әркелкі. Олардың барлығын шариғатқа сай келмейді деп айтуға болмайды. Керісінше олар әрбір мұсылман халқының ғұламаларының көз алдында әрі олардың құптауымен сан ғасырлардан бері атқарылып келе жатқан ғұрыптар. Сондай ұлттық ерекшеліктерге, тілдік ерекшеліктерге қарсы шығу, оларды дәл арабтардікіндей етуге тырысу барып тұрған надандық. Өйткені адамзаттың ұлт-ұлысқа бөлінуі аталмыш аятта: «Әй, адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың үшін сан-алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Алланың алдында ең ардақтыларың- ең тақуаларың». Демек жер бетінде қаншама ұлт болса соншама салт-дәстүр бар деген сөз. Егер ол салт-дәстүрлер асыл дінімізге қайшы келмесе ұстанудың еш әбестігі жоқ. Ол туралы заманында Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) сахабаларына: «Дінді өзге халықтарға сіңдіру үшін сол халықтың салт-дәстүріне тиіспеңдер, нұқсан келтірмеңдер, егер шариғатқа қайшы келмесе». Дегенмен де салт-дәстүрдің барлығы дінімізге қарсы келмейді деп айта алмаймыз. Кейбір салт-дәстүрлеріміз дінімізге еш қатысы жоқ керісінше қайшы келіп жатады. Мысалыға «отақа май құю» салт-дәстүрін алып қарасақ болады. Жаңадан келін түскен үйде келінді үйге кіргізбес бұрын отқа май құйып қолдарын отқа тосып сосын беттерін сипап жатады. Кейбір деректерде осы отқа май құю рәсімін отты құдірет тұтуға байланысты қалыптасқан дәстүр делінген. Осыған қарағанда отқа құйылған майдың қоңырсыған иісінен екі жақтағы аруақтар риза болып, екі жасты әрдайым желеп-жебеп жүреді екен. Осы секілді кейбір салт-дәстүрлер дінімізге қайшы келіп жатады.

www.kaznu.kz 
 

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар