Егемен Қазақстан – Қазақстанның бейресми түрдегі ең басты газеті. Бастауын сонау 1919 жылда «Ұшқын» атымен алған газет, бүгінгі күнге дейін ұзақ жол өтіп, журналистика тарихында мұрасы айтарлықтай зор баспа. Түрлі кезеңдерде газетте Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев секілді аса көрнекті тұлғалар өз ізін қалдырды. Онымен қоса, баспа өз атауын бірнеше рет өзгертіп, 1993 жылы бүгінгі атып жариялап, «Егемен Қазақстан» деген керемет атауымен жұмыс істеп жүр. Бұл газеттің тарихына көңіл аударайық
«Ұшқын»
Газеттің бастапқы нүктесінде редактор ретінде орысша да, қазақша да сауаты бар кісі - Тамимдар Сафиев тағайындалады. Газеттің тұңғыш санында «Оқушыларға» атты мақаламен бірге Б.Күлеевтің «Ұшқынға» деген өлен жарияланды. Жалпылап айтсақ газет бір бағытты ұстанбай, бүкіл ақпаратты көкжиекті ұстауға тырысқан. Жер-су, оқу-ағарту мәселелері жарияланып тұрған.
«Еңбек туы»
«Ұшқын» газетінің заңды жалғасы «Еңбек туы» 1920 жылдың 13-қарашасында Орынбор қаласында жарық көрді. Газетті редакциялық алқа шығарды. Негізгі ұйымдастырушысы Сәкен Сейфуллин – «Манап-Шамиль» деген бүркеншік атпен бас мақалаларды жазып отырды.
Газетке Т.Рысқұлов, М.Тұрғанбай, Ж.Аймауытов, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов сынды халқымыздың біртуар тұлғалары үлес қосып, мақалаларын жариялады. 1920 жылдың 13 қарашасынан 1921 жылғы ақпанның аяғына дейін С.Сәдуақасов, 21 ақпаннан 1 қарашаға дейін Ж.Аймауытов газетке басшылық жасаған.
«Еңбекшіл қазақ»
Елдегі қиың политикалық жағдай кесірінен «Еңбек туы» газетіне жабылуға тура келеді. Алайда ол газеттің орнына «Еңбекшіл қазақ» атты газеті шыға бастайды. Орталығы қайта ұлы Орынбор қаласы болды. 1922 жылдын тамызынан бастап, газет редакторы Сәкен Сейфуллин болып тағайындалады. Әйтсе де басқа да бірқатар деректер «Еңбекшіл қазаққа» тек Сәкен Сейфуллин емес, Әбдірахман Байділдин мен Бейімбет Майлин да редактор болғанын алға тартады.
«Еңбекші қазақ»
РК(б)П Өлкелік комитетінің 1925 жылғы ақпандағы «Жетекші қазақ баспасөзі туралы» қаулысынан кейін, газет «Еңбекші қазақ» деген атпен шықты. Газеттің бұл дәуіріндегі басты өзгерісі – Орынбордан Ақмешітке (Қызылорда) көшкені. Ақмешіт қаласында оларды Бейімбет Майлин күтіп алды. Бейімбет газет үшін баспахананы дайындап, асығыспен күткен достарын қарсы алады. Онымен қоса Бейімбет Майлин газеттің шығармашылық тобына кіріп, маңызды жұмыстар атқарды. Қызылордаға келген соң қызметкерлер қатары Міржақып Дулатов, Ілияс Жансүгіров, Қалмақан Әбдіқадыров, Әбділдә Тәжібаев сынды жастармен толықты. Олардың қатарындағы І.Жансүгіров журналистика мамандығын Мәскеуде оқып келген кәсіби журналист болды.
Қызылордада төрт жыл шыққан «Еңбекші қазақ» 1929 жылы мамырда Алматыға қоныс аударды. Алматыдағы алғашқы нөмірі 1 шілдеде жарыққа шықты.
«Социалистік Қазақстан»
Газет тарихындағы ең ұзақ атауы осы, онын астында газет 54 жыл тоқтаусыз жұмыс істеді. Бұл заманды газет үшін ең жемісті заман ретінде санауға толық құқығымыз бар. Үлы отан соғысы, тың игеру, «Брежневтік жылымық», Желтоқсан оқиғаларына дейін апарған кез.
Тарихымыздағы ең үлкен әрі танымал газетіміздің қысқаша тарихы осындай.
Әл-Фараби атындағы университеттің 1 курс студенті Асаубеков Али
Жетекшісі: Жақсылықбаевна Римма
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі