Біздің Қазақстан - терең тарихымен танымал. Көптеген ғұлама, ақын, жазушы адамдар біздің жерімізде дүние есігін ашып елімізді жарық әлемге тәнті етті. Соның ішіндегі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өз үлесін қосқан еді. Аса қадірменді бұл адамды өз басым мақтан тұтамын. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ қоғамының көздерін айқара ашып, көкірегін оятты. Осы тұлға арқасында еліміз аз да болса өз құқығын таптамай қорғай білді. Өкініштісі соңында Ахмет атамызға халыққа жасаған көмегінің кесірінен айып тағылып түрмеге жабылды. Осы жалған айып пен жала жабу кесірінен бұл тұлға өмірдің кереметін көре алмай ерте ажал құшты.
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ жұртының жүрегіндегі ерекше орын алатын адам. Ес біліп, жаттау жаттай бастағаннан бері осы қайраткердің шығармаларын оқып биографиясымен танысып бастағанмыз.
Егер де бұл тұлға саяси куғын-сүргінге тап болмағанда қанша адамға көмек беріп сол кездегі қиын кездерді өзгертер меді?Ұлт-азаттық қозғалыстардың жетекшілерінің бірі болған бұл аса ардақты тұлға сол кезде көптеген шаруалардың басшысы болып, әртүрлі ауқымды саясаттар жүргізген. Яғни Ахмет Байтұрсынұлы елімізді саяси-демократиялық апаттан, сол кездегі ресейлік үкіметтен қорғағысы келді.
Мысалға Алаш орда өкіметін алуға болады. Себебі алаш деген айбынды кайраткерлер ақтық демі қалғанша елімізді Ресейдің қарамағында қалдырғысы келмеді. Әрине бұл тек бір адамның арқасында емес бірақта бұл ұлттың ұстазы болып кеткен Ахмет Байтұрсынұлының жеке идеяларының бір бөлшегі болып табылатын еді. Өйткені қазақ коғамының ақылды да батыл намысты ер жігіттерін қоса ала бүтіндей зиялылар қозғалысын ашты. Тарих оқу барысында Ахмет атамыздың қазақ әдебиетіне деген үлесін көре тұра мақтанамыз. Өйткені ең алғаш шыққан қазақ газеті осы жүрегі елім жерім деп соғатын алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі еді. Қасына адал дос болып ерген Әлихан Бөкейхан екеуі сол жылдары көптеген өзгерістер орнатып ресейді бір үркітті. Осылайша екеуі зиялы қауым ашып, белгілі ақын жазушы қайреткерлерді қабылдап, қазақ деген даңқты жердің атын шығарды. Ахмет өзі жастайынан қамқор, зерек, кемеңгер болып өскен адам. Жастайынан оқуға ілтипатын білдіріп құштарлығын көрсететін. Байтұрсынұлы оған қоса керемет жазушы, ағартушы. Жарыққа шыққан бірнеше шығармалары мен кітаптары адамға жаңаша түсінік ұялатып өз көзқарасын өзгертеді. Жеке дара ойымды білдіретін болсам әліпби ең басты еңбектерінің бірі деп білемін. Қазақ тілінің әліпбиі тек Ахмет Байтұрсынұлының данышпандық, даналық қасиеті деп білемін. Ол әрқашан жаңа жаңалық іздеп жүретін жандардың бірі болған. Қазақ тіліндегі ережелер мен жазба жұмыстарын әртүрлі терминдерді қолдануды әрекеттеген адамдардың алғашқысы. Бірақта ең өкініштісі осыншама жасаған еңбегі зая кетті деуге болады. Себебі ең соңында Ахмет Байтұрсынұлыны халық жауы ретінде санап одан басқа ұлттық ғылымның қалыптасуына және қайраткерлігі арқылы алаш қозғалысының тууына, өрістеуіне ұлттық, мемлекеттік сананың қалыптасуына ерекше тарихи шешуші ықпал жасағанының кесірінен түрмеге жабылады. Байтұрсынұлының түрмеге жабылуынан кейін оның отбасысыда опасыздық көреді. Өйткені әйелі аса қауіпті алжир лагеріне тұтқынға түседі ал сол кездегі ресейліктер жер үй мүліктерін тартып алады. Ең соңында ең сорақылы ату жазасына кесіліп қиналып қайтыс болады. Осы жасаған және одан басқа еңбектері арқасында халық арасында ақылды қаһармандардың бірі болып табылған. Байтұрсынұлы елдің арасында құрметті екені соншама қазірде әлеуметтік желіде толыққанды киносы жарыққа шыққан. Жұрт Байтұрсынұлыны сыйлап қана қоймай мақтан тұтады және де жарыққа шыққан еңбектерін оқып бір есіне алып қояды. Халық оны жәйдан жәй халықтың ұстазы немесе ұлт ұстазы деп айтпаған. Себебі осы тұлға арқылы елімізге үміт орнады, жаңаша идея, саясат орнады халықтың ең бастысы сауатын ашып сауатсыздықты жоюға үлкен үлесін қосты.
Қазақ халқы әрқашанда қиыншылық көріп өсседе ешқашанда адал жолынан тайынбаған. Ахмет Байтұрсынұлы осыған дәлел. Ұлт ұстазының сөздері, шығармалары, әңгімелері, өлең жинақтары бізді көптеген жағдайларға дайын болуға үйретті. Оқып жазып жүрген әріптеріміздің мағынасын терминірің негізін қалаған Байтұрсынұлыға айтар алғысымыз шексіз. Осы тұлға арқасында біз тарихымызбен мақтанамыз қуанамыз.
Қорытындылай шындыққа жанасатын болсақ Ахмет Байтұрсынұлының біздің еліміміз бен қоғамымыз да алатын рөлі зор. Ойымды жинақтай келе айтқым келетіні бұл тұлғаны тек біз емес тек Қазақстан емес бүкіл әлем білгенін қалаймын себебі бұл қайраткерлің жасаған еңбегі қиын әрі аянышты сол себептен бұл адамның өмірбаянын бүкіл әлем білсе екен деймін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі