"Театрдың ғажайып әлемі" атты мектепаралық қойылымдар сайысының бағдарламасы.
Аниса: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Аяулым: Қайырлы күн құрметті кеш қонақтары!
Аниса: "Театрдың ғажайып әлемі" атты, мектепаралық қойылымдар сайысына қош келдіңіздер!
Аяулым: Біздің қыздар әнші, биші, өнерлі,
Білімде де озат болып келеді.
Жарысудан, сайысудан жалықпай,
Сахнаның да, жанып түсер шебері!
Аниса: Түрлі ұлттың билерін де билейді,
Қалыс қалып қоюды ешкім сүймейді.
Француздың La Seine биін билесін,
Тоғызыншы "а" қыздары "кезек бер" дейді.
Құрметті көрермендер! Кеш шымылдығын қыздарымыз Француз вальсымен ашпақшы! Бірге тамашалайық! Сахнада - 9 "А"!
Аяулым: Біздің қыздар, түрлі образды сомдайды,
Түрлі ұлттың бейнесінде ойнайды.
Аң-құстарды адамдарша сөйлетіп,
Орманда да айтыс жасап, қоймайды!
Аниса: Cахнада 3 "ә" сыныбы оқушылары "Ділмар аңдар" қойылымымен. Қойылым авторы: АйСаф жеке қыздар мектебі, сахна тілі үйірме жетекшісі: Гүлмекен Қасенбай. Балаларды қойылымға даярлаған сынып жетекшісі: Жұмағұлова Арай Нұрмұхаммед қызы.
Қызықты көрілім болсын! Қарсы алыңыздар!
Аяулым: Бүгін бізде қонақтар бар өнерлі,
Бақ сынауға, сайысуға келген-ді.
Гимназиялық оқушылар сахнада,
Ал көрермен, аямай соқ қолды енді!
Аниса: Қарсы алыңыздар! "Бауырсақ" ертегісімен алдарыңызда "Айсаф-Алматы" гимназиясының қуыршақ театры оқушылары! Қол соғып, қошемет көрсете отырайық!
2-жүргізуші: Тойдың да неше түрі бар,
Халалы бар, фуршет бар.
Әйелдер бөлек отырып,
Қыздар асаба бола алар!
Аниса: Құдағилар ат қойып,
Әжелер бесікке салар.
Сыйлыққа сақина таратып,
Аналар дұға-тілек айтар!
Құрметті көрермендер! Алдарыңызда "Халал той" қойылымымен 3 "б" сынып оқушылары. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай. Қойылымға даярлаған сынып жетекші: Нурмуханбетова Куляйхан Мұхтар қызы. Қарсы алыңыздар!
Аяулым: 9-шы "ә" сынып оқушылары Қуаныш Гүлім мен Еркін Әсима "Рухты ару" әнін шырқайды! Қабыл алыңыздар!
Салиха: Екі заман, екі түрлі қоғамда,
Өмір сүріп жатыр қазір адамдар.
Екі түрлі өмір сүру стильін,
Паш етеді бүгін бізге Гимназия!
Санира: Құрметті көрермендер! Алдарыңызда "Екі заман" қойылымымен "Айсаф-Алматы" гимназиясының оқушылары! Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық!
Салиха: Бар біздерде үйірменің көп түрі,
Барлығының тиіп жатыр септігі.
Қыздарымыз шешендікке үйреніп,
Көсем сөйлеп үйренуде әрбірі.
Санира: Орыстардың құдалығы сахнада,
Рольдерді сомдап берер бесінші "ә".
Караваймен құдалыққа барайық,
Орындасын құдашалар частушка!
Сахна төрінде "Орыстардың құдалығы" қойылымымен 5 "ә" сыныбы! Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай. Сынып жетекшісі: Боранбай Болдықыз. Қарсы алыңыздар!
Салиха: Әпкең болса еркелейсің, күлесің,
Киімін киіп, жүйкесіне тиесің.
Ұзатылып кеткен кезде сағынып,
Бауырыңның шын қадірін білесің!
Санира: Құрметті көрермендер! Алдарыңызда "Айсаф-Алматы" гимназиясының оқушылары Д.Исабековтың "Әпке" қойылымымен! Қошеметтеп қарсы алайық!
Салиха: Жақсы көру - ең аяулы, пәк сезім,
Қалдырмайды жүректерде әсте мұң.
Сезімдерді тәрбиеге сала алсақ,
Жек көруге қалмас сірә еш орын!
Санира: Алдарыңызда "АйСаф" ЖҚМ 8 "в", 7 "б", 6 "а", 1 "в" сынып оқушылары "Жақсы көру" қойылымымен! Авторы: Гүлмекен Қасенбай апай. Бірге тамашалайық!
Салиха: Әділқазы мүшелері сайыс қорытындысын анықтағанша, 10 "ә" сыныбы оқушылары орындаған "Құдаша" музыкалық қойылымын көріп, көңіл көтере отырыңыздар!
Санира: Осымен "Театрдың ғажайып әлемі" атты мектепаралық қойылымдар сайысы өз мәресіне жетті!
Салиха: Сахнаға мектебіміздің құрылтайшысы әрі бас директоры Айша Сауланқызы мен мектебіміздің атқарушы директоры Маржан Бейсебайқызын шақырамыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Ескен Елубаев
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі