Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының мұрындық болуымен дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған екі күндік облыстық оқыту семинарын өтті.
Өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш семинарға облыс аумағының барлық аудандарының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға мүдделі жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мешіт имамдары мен теолог мамандар қатысты. Іс-шараға бас-аяғы 150-ге жуық адам қамтылды.
Оқыту семинарын арнайы шақырылған республикалық маңызы бар лекторлар, атап айтқанда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті және Түркістан қаласының дінтанушылары мен оқытушылары, психологтар мен блогерлері жүргізіп, актуалды тақырыптарда дәрістер оқып, тәжірибе алмасты. Семинарда қозғалған тақырыптардың бірі - діни гомилетика (дағуат) призмасындағы радикалды көзқарастардың шығу себептері болса, келесісі - Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының кейбір құқықтық аспектілері.
Семинарда қазіргі заманға сай Интернет жүйесінде жұмыс жасау үшін заманауи тәсілдерімен арнайы шақырылған SММ маманы да өзінің әдістерімен бөлісті.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Муратбаев Каныбек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі