Қазіргі таңда, дәрумендердің 20-ға жуық түрі белгілі. Олар екіге бөлінеді:
C, B1, B2, B3, B5, B6, B7, B9, B12. Бұл дәрумендер ағзада жиналмай, бірнеше күннен кейін шығарылады, сондықтан оларды күнделікті пайдалану керек. Басты көздері — жемістер, жидектер, көкөністер.
A. D, E, K. Олар бауырда және майлы тінде жиналып, денеде ұзақ уақыт сақталып тұрады. Майда еритін дәрумендердің көздері — балық майы, кілегей, бекіре балық уылдырығы және кейбір көкөністер.
А дәрумені антиоксидант болып табылады, ол адамның қалыпты дамуын қамтамасыз етеді, иммундық жүйені нығайтады, терінің, көру мүшелерінің және ұрпақ жаңғырту жүйесінің дұрыс қызмет етуіне жауапты.
В тобындағы витаминдер — жүйке жүйесін реттеуге, бірқатар ферменттер мен гормондардың синтезіне, қанның түзілуіне, майлар мен көмірсулардың энергия алмасуына қатысады.
D дәрумені ағзадағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттеп, сүйектер мен тістердің беріктігіне жауап береді. Оның жетіспеушілігі остеопорозға, сүйектердің сынғыштығына және тісжегінің пайда болуына әкеледі. Ол ультракүлгін сәулелердің әсерінсіз денеде өндірілмейді, сол себепті күннің астында жиі серуендеуге кеңес беріледі. Адам ағзасындағы витамин жетіспеушілігін — гиповитаминоз, ал толық болмауын — авитаминоз деп атайды. Дәрумен жетіспеушілігінің жалпы белгілері: тәбеттің жоғалуы; тез шаршағыштық; эмоционалдық тұрақсыздық, жаман көңіл-күй, депрессия; ұйқының бұзылуы; терінің түлеуі, қызаруы және құрғауы.
Оқуға кеңес береміз:
Қыс мезгілінде адамға қажетті дәрумендер
D дәруменінің тапшылығы: білу керек белгілер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі