Йодтың қажеттілігі

Йод гормондардың синтезіне қатысатын және олардың құрамдас бөлігі болып табылатын жалғыз микроэлемент. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, 1,5 миллиардқа жуық адам осы элементтің жетіспеушілігінен зардап шегіп жатыр.

Адамға 1 тәулікте 100-200 микрограмм йод жеткілікті. Ағзада 20-50 мг ғана йод бар, оның 60%-ы қалқанша безде, 40%-ы бұлшықеттерде, анабезде және қанда болады. Денедегі мөлшері аз болғандығымен, бұл микроэлементсіз салауатты өмір сүру мүмкін емес. Оның жетіспеушілігі адам денсаулығына теріс әсер етеді.

Йод — адамның қалыпты өсуіне және дамуына қажетті микроэлемент. Ол организмге түскеннен кейін қалқанша безге жиналып, тироксин мен трийодтиронин сияқты гормондардың құрамдас бөлігіне айналады. Бұл гормондар — ағзадағы зат алмасу процесін реттеп, барлық органдар мен жүйелердің жұмысына қатысады.

Йод келесі процесстерді реттейді:

— энергетикалық алмасу, дене температурасы;

— биохимиялық реакциялардың жылдамдығы;

— ақуыз бен майлар алмасуы;

— бірқатар витаминдердің метаболизмі;

— қан қысымын арттыру.

Йод жетіспеушілігінің салдары мынадай:

— қалқанша безінің ұлғаюы және эндемиялық жемсаудың пайда болуы;

— қалқанша безі қызметінің бұзылуы;

— холестериннің жоғарылауы;

— кретинизмнің дамуы, баланың физикалық және психикалық жағынан баяу дамуы.

Негізгі көздері:

— барлық теңіз өнімдері: балықтар

— көкөністер: баялды, пияз, сарымсақ, қасқыржем, асжапырақ, қызылша, сәбіз, картоп, шалғам;

— жарма, сүт, жұмыртқа, май, сиыр еті;

— жеміс-жидектер, цитрус жемістері, құрма, ананас, банан, жүзім, қауын.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар