Өлең, жыр, ақындар

Ерекше соңғы қоңырау

Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті
«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ
4 «Б» сынып оқушысы Жумахан Айбике Кожабекқызы
Жетекшісі: Тультаева Перуза Альмахановна

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау үнін естуге де жақын уақыт қалды. Бұл соңғы қоңырау біз үшін ерекше. Бізге төрт жыл бойы білімі мен тәрбиесін қатар берген, алғашқы ұстазымыз Попова Диана Алексеевнамен санаулы уақытта қоштасқалы отырамыз. Әрине, алғашқы ұстазымыз бен қоштасу қиынға соғып отыр. Бізге тағы да басқа пәндерден де Диана апайымыздан да басқа ұстаздар сабақ берді. Барлық білім мен тәрбие берген ұстаздарымызға мың алғыс! Төрт жыл бойы бірге білім алған, балалық шақтың қызығын бірге көрген достарымды өте қатты жақсы көремін. Қазіргі уақытта бастауыш сыныппен қоштасу сәтін кішігірім өзіміз атап өттік. Біздің сынып өте тату-тәтті. Алғаш әріп танытып, санауды үйреткен алғашқы ұстазымыз Попова Диана Алексеевнаны еш уақытта ұмытпаймыз және қимаймыз. Бізге білім нәрімен сусындатқан барлық ұстаздарымызды құрметтейміз және жақсы көреміз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз