Норвегия елі туралы білесіз бе?

Басты бет / Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер / Норвегия елі туралы білесіз бе?

Норвегия елі туралы білесіз бе? — Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміндегі материал.

Материал — қызықты мәліметтер, Норвегия — осы тақырыптарға байланысты.

Норвегия соңғы жылдары қатарынан бірнеше рет адам дамуының индексі бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді. Сондықтан бұл мемлекет жайында көпшіліктің білгісі келетіндігі анық.

Норвегияның халық саны небәрі 5 200 000 адам. Бұрында Норвегия балықшылар мен фермерлер тұратын кедей мемлекет болған. 1969 жылы елде мұнай мен газ табылғаннан кейін, елдің жағдайы күрт өзгерді. Бүгінде мемлекет үлкен табиғи ресурстарға ие. 

Норвегия табыстың артық түскен бөлігін жұмсамайды. Оның орнына болашақ ұрпаққа арналған қорға аударып отырады. 2016 жылы қордағы қаржы 871 млрд долларды құраған.

Халыш санына шаққанда бұл сома өте үлкен болып табылады. Норвегия осы көрсеткіш бойынша Сауд Арабиясын, БАӘ-гін және Ресейді артта қалдырған. Норвегияның табиғаты оның ең басты қазынасы. Таулар, өзендер, көлдер, шетсіз теңіз жағалаулары көрген жанды тамсандырады. Ал кемшіліктеріне келетін болсақ елде 6 ай бойы күн сәулесі аз түседі. Елде адам саны аздығына байланысты, Норвегияда адам аяғы баспаған жерлер өте көп. Мемлекет Арктикаға жақын орналасқан. Сол себепті әлемдегі ең таза жер болып саналады. Норвегияның саяси жүйесі нарықтық экономикамен соцализмнің жиынтығы. Барлығы тең құқылы. Елде адам неғұрлым табыс тапқан сайын, соғұрлым салық төлейді. Норвегиялықтардың жалақысы жоғары. Мұғалімнің бастапқы айлығы 3500 евро. Теңгемен шаққанда 1 700 000. 

Әдетте жұмыс барысы таңғы 8-де басталып, күндізгі 3-4 терде аяқталады.

Норвегиялықтар бос уақытына аса байыппен қарайды. Жылына 5 апта демалыс беріледі. Мемлекеттің университеттерде оқу норвег тілінде жүргізіледі. Елде медицина тегін.

Әскерге бару барлық ер адамдардың міндеті. 2015 жылдан бастап әйелдерге де міндеттелген. Норвегия табиғаттың мекені. Егер табиғатты ұнататын жандар болса Норвегияны ойланбастан таңдаңыз.

Ерасыл Рахманқұл



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Норвегия елі туралы білесіз бе? деген не?

Бұл бетте Норвегия елі туралы білесіз бе? тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Норвегия елі туралы білесіз бе? материалы Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміндегі басқа материалдар қызықты мәліметтер тақырыбындағы материалдар Норвегия тақырыбындағы материалдар Erasyl61870030 жариялаған басқа материалдар