Фольклор – халықтың ерте заманнан бастап жинақталған әдебиетінің жауһары, жүріп өткен тарихының айнасы. Қазақ халқының ауыз әдебиеті XIX ғасырға дейін негізгі бағыт боп саналды. Кейіннен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтың арасынан жазба әдебиетті қалыптастырушы тұлғалар қалыптаса бастады. Орыс жазушылары мен зерттеушілері де қазақтың тарихын, әдебиетін қағаз бетіне түсіруді қолға алды.
Қазақ халқының өмірінде мифтік кейіпкерлер маңызды орын алады. Ата-бабаларымыз сол бейнелер арқылы ұрпақтарына ғибратты әңгімелер айтып, оларға тәлім-тәрбие берді. Аңыздар мен ертегілердің қаһармандары ұрпақтың жадында сақталып, әдебиеттегі образдары арқылы мәдениетте өзіндік іздерін қалдырды. Бүгінгі қоғамдағы балалардың қаһармандары шетелдік авторлардың ойлап тапқан кейіпкерлері болып отыр. Қазақтың төл образдары біртіндеп халық жадынан шығып барады. Бұлай жалғаса берсе таяқтың бір ұшы мәдениетке келіп тіреледі. Осы тұрғыда жас жеткіншектеріміздің көңілінде қазақтың аңыз кейіпкерлерін қалай жаңғырта аламыз? Бұл әрекеттің бастаушысы деп Өзбекәлі атамызды айта аламыз. Ол мұздан кірпіш ойдырып, кішігірім қала тұрғызып, қазақтың аңыз кейіпкерлерін мұздан мүсіндеді. Бұл әрекет өзінің жемісін берді. Аталған әрекет кішкентай балаларды ертегілер әлеміне енгізіп жіберген мұғжизаға айналды. Осыдан соң балалардың аңыз кейіпкерлеріне деген қызығушылығы артып, олар кейіпкерлер туралы шығарманы іздеп жүріп оқитын кітапсүйер оқырман балақайларға айналды. Қазіргі таңда да осындай бір бастама жетіспей тұрғандай. Жеткіншектерге былай жасама, былай жаса деудің орнына аңыздар мен ертегілердегі оқиғалар арқылы ой салып, түсіндіру бүгінде дәлелденіп келе жатқан әрекет. Ұлттық фольклорымызды жаңғырту - ұлттық сананы жаңғырту. Аңыз кейіпкерлерін дәріптеу арқылы Алдар Көсе, Қожанасыр, Жиренше, Қарашаш ана, Тазша бала, Қаңбақ шал сынды образдарды халықтың, балалардың бейсанасына сіңіре аламыз.
Қазақтың бай һәм мол мәдени мұрасын өн бойына сіңіріп өскен бала тегін адам болмасы анық. Бабамыз бәрін әріден ойлап, осындай дүниелерді бірнеше ғасыр бұрын-ақ жазбай таныған. Төлтума әдебиетіміздің кейіпкерлерін жарыққа шығару арқылы ұлттық сананы жаңғыртып қана қоймай, руханияты толысқан ұрпақ тәрбиелей аламыз. Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі ел тізгінін ұстар кемел тұлға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі