Сен де - бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Абай Құнанбайұлы
Асылында адам баласы өмірге келген сәттен бастап, осы бір аумалы-төкпелі заманның бөлігі боп қалыптассам деп тырмысады. Мектеп қабырғасында үй тапсырмасын жүйелі орындап, қатарының алды болсам дейді. Университет табалдырығында да осындай шиыршық жалғасады. Ерекшелігі ретінде өзіндік бағытың бойынша күрескер болатындығыңды айтуға болады. Ал адамдарды бір-бірінен ерекшелеп тұратын не нәрсе?
Бұл дүниені адамның БОЛМЫСЫ десек болады. Алла адамның саусақ іздерін қалай әртүрлі етіп жаратса, адамдардың болмысы да әр қилы. Сол болмысқа сай әр тұлғаның МЕНІ қалыптасады. Адам «өмірдің мәні не?» деген сауалға жауап іздей бастайды. Жасөспірім үшін ең алдымен оның не қалайтыны маңызды боп табылады. Ата-ана баласына белгілі бір уақытқа дейін тәлім-тәрбие береді. Көзқарасының қалыптасуына ықпал етеді. Жеткіншек ержеткен соң шешімді өз бетінше қабылдап үйренуі керек болады. Қарапайым мамандық таңдау да баланың қалауы арқылы іске асуы ләзім. Осындай жасқа жеткен әр жасөспірім «Менің миссиям қандай?» деген сұрақты өзіне қоюы керек. Ол болашақта өзін қалай елестетеді, қандай адам болуды қалайды және армандайды деген сияқты сан сауал оның көкірегінде толы болуы тиіс. Егер сіз жасөспірім болсаңыз, ҚУЫСКЕУДЕ тип болудан сақтаныңыз. Даму – сондай қызық процесс. Оның дәмін бір татсаңыз, қайта-қайта қалап тұрасыз. Дамусыз адам - бір орында тұрып қалған сасық сумен тең. Пенде өз қалауын шын түсінген сәтте оның ішкі әлемінде жарылыс пайда болады. Бойыңыздағы Алла берген қабілетті аша біліңіз. Неліктен тақырыпты «Мен армандаған мен» деп қойдым? Себебі әр адам өзі армандағандай тұлға болып, солай өмір де сүре алады.
Әкім Ысқақ «Адамның жарығы: үміт пен сенім.» деген. Бәлкім қазір сабағыңыз қиын боп жатқан шығар, өмірдің сынағында жүрген шығарсыз, жұмысыңыз қажытты, таңдау жасау қиын боп жатыр, білмеймін, әйтеуір бітпейтін тас түйін мәселелер. Жарқыным, үміт шамшырағыңыз сөнбесін. Берілмеңіз. Армандаңыз. Сеніңіз. Өзіңіз армандаған тұлға болыңыз. Мен сізге сенемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі