Ыстықкөл қырғыздарының атақты бір бай адамы Батырқан қажы қыз ұзатпақшы болып үлкен той жасайды. Жапсарлас жақын тұрғандықтан бұл тойға Албан елінің бірқанша атақтылары да шақырылады. Ауыл-аймағына жаңадан көрініп, таныла бастаған Қонақбайдың жас кезі екен, ол да бірге келіпті. Әрине, дүбірлі той болған соң неше түрлі ойын-сауық қоса көрсетілмек. Балуан күрестіру басталар шақта той иесі: «жыққан бас балуанға жиырма тайлық бәйгесі бар» деп жұртқа жар салады. Әр ру-ұлыстың балуандары өзара күш сынасады. Соңына таман қырғыздар өздерінің жардай биік дәу балуанын жетелеп әкеп ортаға шығады да:
— Кәне, Албан ағайындар, сендерден ешкім күреске шықпады. Біз сендерді қымыз ішіп, ет жесін деп шақырғанымыз жоқ, мына балуанға жігітіңді шығар! — дейді. Алғаш бұған ешкім батына алмай, аңырып тұрып қалғанда:
— Шық ортаға Қонақбай, біз сені ұл ғып тудық. Албан атаның әруағы жар болсын! — деп, топ ішінен бір адам айғай салыпты. Екеуі сүзісетін бұқалардай күжірейіп келіп ұстаса кеткені де сол екен, сондай жылдамдықпен қырғызды жерге бір-ақ ұрып жығады да, жүре берген дейді. Содан бастап «Қонақбай балуан» деген аты шығады.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі