Бір адам қызын еңбекші адамға берем деп, сұраған бай балаларына бермепті. Бір күні башмақ тігіп сататын бір жас жігіт сұраған соң, соған беріпті. Ол башмақшы тапқанын араққа салып, көңілін көтеретін сорлы екен. Қызды алған соң қызып кетіп, арақ ішіп, қызу күнінде қызды құшақтап ернінен сүйіп, сора-сора қыздың ернін қанатып, салбыратып жіберіпті. Қыздың әкесі қызын көре келсе, қызының ерні салбырап, қанап, қызы жылап отыр екен. Күйеуіне: «Мұның қалай?» — деп ұрысса, күйеуі: «Ататай! Жаза менде емес, қызыңыздың ерні тым қызыл болғандықтан, мен байғұс дәулетім аздығынан тапшы сапиян көзелдерді тістеп созып қалыпқа тартушы едім. Қызыңыздың ернін сорып жатқанда қызыл сапиян есіме түсіп, сол екен деп тістеп сорып жібердім. Ерні оншалық қызыл болмаса, мен соншалық сорар ма едім», — депті. Бұл күлкі үшін айтылған сөз емес – еңбектің де еңбегі бар. Орнына жұмсалмаған еңбек, зұлымдыққа жұмсалған ақыл отқа түскен көбелекпен бір есеп.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі