Бұлар ескі замандағы түріктің теле, яки динлин деген табынан һәм орыстар самойд атаған халықтардан. Олардың төрт үлкен табы бар:
1. Қызыл, оның рулары – қызыл, үлкен ашын, кіші ашын, ақы, бағасар, қамлар, құршық, чию, арғын, қалмақ. Бұл соңғы екеуі бұрын қалмақ қоластында болған телеуіттерден қызылға қолға түсіп тұтқын болғандар.
2. Үлкен табы – қашын татары, олардың руы – қас, ара, тиін, тікесті, тыжарым, тажылтағ, соқар, тоба. Бұл соңғы төртеу самойдыдан.
3. Үлкен табы — сағай, оның рулары – торан, сарығ, ерғыт, ешік, қайы, аба, қырғыз, жеті ру, жүз саға, том сағай, шор, белтыр, какмен, ақ шыстар, қара шыстар, табан таяс, қаллар, қарға, сайын, қызай, қойбол, байгеду, қан торажақ, тәжуда, мадыр, көл енғара, бегеші, артшы, күюқ, ерге, қайдин; тілі – ескі түрікше.
4. Үлкен табы — қарақас, қамасын. Қарақас бес ру – сары қас, қас, шоғду, қара шоғду, шепті. Қамасын – бір бөлегі қаш татар, бір бөлегі самойдыдан, оның рулары – мадур, богүш, байыф, нәғ, сыйла.
Және Енисейде ескі динлин менен самойд нәсілі бар.
Бірінші – қуманды. Бұлардың Би өзеніндегілері баяғы со деген нәсілден. Төмендегілері тастар деген таптан, рулары – юта, чыпраш, тон, қуманды дегендер.
Екінші бөлегі – орысша «лебидиц», яғни қудағылар. Олар екі ру – иакіші, шалман деген.
Үшінші бөлегі – қара татар, бұларды Алтайлағы халықтар тоба дейді. Бұлар да самойдыдан, рулары – күзен, түркіш, торғул.
Төртінші бөлегі – шор, мұның нәсілі Кузнецкий татардан, рулары – қызай, таяш, қый, қарашор, сарышор, қарғашедебс, қонға, күйе, шелі, сібе, тартқын, ұста, қобы, аба, таған, керкіш, барсуят, шалқал, шарағаш, бессүйек, мұның басқы бесеуі сағай нәсілінен.
Бесінші бөлегі – кузнецкий татар. Телеуітпенен аралас, рулары – аш кештім, баян, борғул, қомнуш, қамлар, ашын, шию.
Алтыншы – шулымский татар. Оның рулары – кішік, күйрік, шолым.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі