Қырым жұртында қырық сан Ноғай болғанда, бір ханның баласы анасынан шала туыпты. «Тілеп алған балам шала туып, жұртымды шала қылады екен» деп, ханым баланы Дешті Қыпшақта көшіп-қонып жүрген он сан Ноғай ішіне тастатыпты.
Бала өсіп, ер жеткен соң әйдік өнерпаз болыпты. Бір күні хан өзінен туған бала, сөйтіп, өнерпаз болыпты дегенді естіп, үй сін батырдың қасына 100 жігіт қосып, іздеуге жіберіпті. Бұлар баланы тапса да, Сырдария мен Арқаны қимай тұрып қалыпты.
Үш жылдан соң Болат мырза 100 жігітпен келіп, о да тұрыпты. Және 3 жылдан соң Алшын мырза 100 жігітті ертіп келіп, о да тұрып қалыпты. Сол 300 жігіт манағы шала туған мырзаны алаша төсекте хан көтеріп, «Алаш!» деп ұран қойыпты. Үйсін, Болат һәм Алшын мырзадан тұқым қалып, өзге жігіттер жауда өліп, олардан тұқым қалмапты. Қазақтың «үш жүз» болғанының, «Алаш» атанғанының мәнісі осы-мыс.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі