Өлең, жыр, ақындар

Күншығыс Түркістандағы түріктер

Тарим өзенінің басында Алатау мен Памир арасында және Тибет жағында әр түрлі түрік нәсілді халық бар. Олар көбінесе туған жер атыменен аталады. Мысалы, қашқарлық, хотандық деген сықылды. Олардың ең күнбатысындағысы – бұрыннан отырықты болған ескі арий деген нәсілден. Бұрынғы заманда қытайша Кіші пулу деп аталған хандық – сол осы күнгі конжут, келекіт дегендер, Үлкен пулу дейтұғыны – блужыстан, ясин, шитрал, һәм қафирстанның бір бөлегі. Аристовтың сөзінше, олардың руы – шоюя, шоми, шобы һәм ұсақтары бар. 9-жүз ішінде қарлықтың ханы алды, оларды мұсылман қылды. Онан соң қара қытай билеп, онан соң хорезмшаһ биледі. Ақырында қалмақ алып, онан қытай алды. Қытайлар оларды чанту, қырғыз, сарт деп атайды. Оның ішіндегі тараншы деген – егінші деген сөз. Қытайлар Құлжа маңына егін салғызған. Құлжаға мұсылман орныққан соң қытайға қарамаған есепті болып, 1871 жылда орыс алып, 1883 жылы қайта қытайға бергенде, тараншының көбі орыста қалып, Іле даласында орнықты. Және қытай қол астында Гансуда салор деген халық бар, түрікше сөйлейді. Олар «1370 жылы Самарқандтан келіппіз» дейді. Және қытайдан мұсылман болған дұңған бар. Оның арғы тегі – түріктің жун атанғандарынан, он мың, жүз мыңнан қытайға қарап қалғандардың нәсілінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар