Бұл болған оқиға деседі. Ағайынды екі жігіт болыпты. Ағасы үйлі-баранды, көп балалы болса, ал інісі әлі үйленбепті. Олар екеуіне ортақ жерге бидай егеді екен. Астықты жиған кезде тең бөлісетін болыпты. Үйленген ағасы ауыр ойлардан көзі ілінбей таң атырады екен: «Інім әлі үйленбеген, жалғыз тұрады. Өзімнің жанұям болса, үлкен. Ал өнімді тең бөлісеміз, бұл дұрыс емес қой.» Ағасының ойында арамдық жоқ, кіршіксіз таза көңіл болатын.
Оның не ойлағанына ден қойып, ой елегіне салып салмақтап көріңізші: «Мен қартайсам, балаларым бар, далаға тастамайды, ал ол жалғыз ғой. Оған кім қамқор болады? Інімнің жиған-тергені болуы тиіс.» Бауырыма: «Елу пайыздан көп алсаң қайтеді, мүлде жалғызсың ғой, кім саған пана болады?» деймін. Оның айтатыны: «Жоқ» деген бірақ сөз. «Ол саған елу пайыз, маған да елу пайыз» деп тұрып алады ғой. Бірбеткей мінезі бар, не істейсің». Осылай ойлап төсегінде тыныш жата алмай, жеті түнде орнынан тұрып, бір қап бидайды өзінің үлесінен алып, інісінің қоймасына апарып төгіп, жайбарақат ұйқыға кетеді екен.
Інісі де дөңбекшіп ұйықтай алмайды екен. Оның ойы: «Бұл қалай? Ағам үйлі-баранды. Шиеттей бала-шағасы бар. Менің ешкімім жоқ. Ал ол өзіне астықтың тең жартысын алады.» Ағама: «Сенің бала-шағаң бар ғой, көбірек неге алмайсың. Балаларды асырап, киіндіріп, оқыту керек. Ал сен елу пайыз дегеннен танбайсың. Менің қарақан басыма оның керегі қанша?!» деймін. «Бірақ ол алмайды ғой. Айтқанынан қайтпайтын мінезі бар». Осылай ойлаған інісі түн ортасында тұрып, бір қап бидайды ағасына апарып қосады екен.
Осылайша олар әр түн сайын бір-бірінің қоймасына астық таси беріпті. Дәулеттері азаймапты да, көбеймепті де, ал оның есесіне туыстық, сүйіспеншілік сезімдері еселене беріпті. Бәрін былай қойғанда, тіпті осы үшін де өмір кешуге болмай ма?! Бірде түн ішінде қап арқалаған ағайынды екі жігіт ойламаған жерден бетпе-бет кездесіп қалыпты. «Иә, жол болсын!» «Жай, ұйқым қашып қыдырып жүргенім ғой.» «Мен де таза ауада демалып жүрмін.» Мұны білген адамдар сол жерге ғибадатхана салыпты. Бұл қалай өмір сүрудің үлгісін осы ағалы-інілерден үйренсін деген ниеттен туған ізгі амал болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі