Келін көңілі — қазақ ұлтының ертеден бері қалыптасқан салт. Әр отбасы әр адам екіқабат келіннің көңіл-күйі көтеріңкі болуы үшін қызмет етеді.
Қазақтардың санасында жас ананың көңілін көтеру деген салт та бар
Т.Тілеубекұлы
«Бір аяғым көрде, бір аяғым жерде» деп көңілі күпті жүретін екіқабат әйелдің қас-қабағына қарау, оның көңілін орта түсірмей, аялап ұстау. Ол үшін ауыл-аймақ жастары мен келіндері, келін көңілі“ деген кеш ұйымдастырады. Мал сойылады, бауырсақ пісіріледі, қымыз сапырылады. Әнші, кұйші қыз-жігіттер жиналады. Әзіл-қалжың, ойын-күлкінің оты дуылдай түседі. Кешке жиналғандардың бәрі екіқабат әйелдің көңілін табу үшін өнері мен қызметін аянбай жұмсайды. Мұны көрген келін де жадырап, көңіліне үлкен сенім ұялайды, денсаулығы да жақсара түседі. Мұндай жағдай іштегі балаға да әсер етеді, тез жетіледі, денсаулығы да берік болады.
«Келін көңілін» тек келін ғана емес, оның жанындағыларыға игі әсер етеді. Үлкен – кішілер де жақсы ән, сөз тыңдап бір жасап қалады. Кешті ұйымдастырғандарға қарт әже, аяулы ана, еміренген ене кәдесін, жол-жораларын ұсынып, ақ батасын береді. Аталған дәстүрлі салт халық мәдениеті мен өнерінің бір көрінісі.
Оқуға кеңес береміз:
Жас келіншектерге байланысты салт-дәстүрлер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі